ЕGov mobile қосымшасы жаңа функциясын іске қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат — EGov mobile мобильді қосымшасы қазақстандықтарға әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты жеке push хабарламаларын жібереді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы еске салуға мүмкіндік береді: зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау және компания басшысының ауысуы туралы хабарламалар.
«Біз азаматтарға қызмет көрсету жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатырмыз, біз әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған тағы жеті push хабарламаны іске қостық. Бұл мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ адамдарды маңызды күндер туралы алдын ала хабардар етуге және «көрінбейтін» қызметтер көрсетуге көмектеседі. Осылайша, біз қазақстандықтарды алдағы күндер туралы алдын ала біліп, ескертеміз. Уақыт өте келе мұндай қызметтердің саны артады, бұлай біз көптеген мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдете аламыз», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жіберілген push хабарландыруларын мобильді қолданбаның «Хабарландырулар» бөлімінде көруге болады. Мобильді қосымша орнатылмаған жағдайда порталдың жеке кабинетінде eGov.kz ұялы нөмір көрсетілген болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтеме жасай отырып, 1414-тен жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар SMS жіберіледі.
Айта кетейік, бұл жаңартулар Мемлекет басшысының Invisible Government тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды. Яғни, мемлекет қазақстандықтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді ұсынады және оларды өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде сүйемелдейтін болады.
Асхат Райқұл