«Елді пір тұтып едім, адаспаппын»

«Д.А.Қонаевтың қанатты сөздеріндегі

лингвистикалық ерекшеліктер» тақырыбында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінде

тұңғыш рет ғылыми бағытта  диплом жұмысы қорғалды

  Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев – қазақ халқының сүйікті перзенті, елінің өркендеуіне көп үлес қосқан, халық алдында абыройлы басшы, кемеңгер ұлы, заңғар саясаткері, қоғам қайраткері.

    Елінің әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосқан. Бұған Д.А.Қонаевтың «Елді пір тұтып едім, адаспаппын» – деген сөзі дәлел. Дінмұхамед Қонаевтың қолдауымен, басшылығымен: Екібастұз көмір бассейні, Бұқтырма және Өскемен металлургия зауыттары, Жезқазған мыс қорыту комбинаты, Теміртау металлургия комбинаты, Маңғыстау мұнай-газ Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ), Қазақстан Ғылым академиясы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі ҚазҰУ), ҚазҰМУ, ҚазҰАУ, ҚазҰТУ, Медеу спорт кешені, Қазақстан қонақ үйі, Республика сарайы, Павлодар — Екібастұз, Маңғыстау теміржол желілері тартылып, ГРЭС-1, ГРЭС-2 жылу электр станциялары, басқа да халыққа қызмет көрсететін ғимараттар салынды.

Халқының біртуар ұлы Димакеңдей тұлға — мемлекет, қоғам қайраткерінің өмірі тағылым мен танымға толы. Ол кісінің айтқан әрбір сөзі қазіргі және келешек ұрпақ үшін тәлім-тәрбие беретін тәрбие құралына  айналған дейміз. Д.А.Қонаевтың қаламынан туындаған «Ақиқаттан аттауға болмайды», «Өтті дәурен осылай» атты кітаптары қалған.

Осы күнге дейін Д.А.Қонаевтың сөз оралымдары, қанатты, қазыналы сөздері, ойлары туралы тарих, педагогика, психология, философия, филология, т.б. бағыт, салаларда ғылыми жұмыс, диссертация, монография, т.б. ғылыми бағыттағы жұмыстар жазылмаған, зерттелмеген, қорғалмаған.

Д.А.Қонаевты ғылыми тұрғыдан зерттеуге ұсыныс жасап, идеяны бастаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, шебер-педагог, Ы.Алтынсарин төсбелгісі иегері, философия докторы (PhD) Малик Майра Маликқызы; ғылыми кеңісші ф.ғ.к., доцент Куркебаев Кенжетай Курманбаевич, жұмысты қорғаушы Серикбай Адиля.

«Farabi  shakirti» журналы