ЮНЕСКО тізіміндегі Қазақстанның тарихи — мәдени ескерткіштері

«Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес. Мысалы, таза ағаштан салынған Жаркент мешіті – қытай сәулетшілері мен ұйғыр шеберлерінің қолынан шыққан бірегей туынды. Алматыдағы «Вознесенск кафедралды шіркеуі» де айрықша тарихи нысан. Татулық пен достықтың символы саналатын осы екі ғимаратты «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі деуге болады.
Ұлы даланың әрбір тау-тасы халқымыздың сан ғасырлық жылнамасынан сыр шертеді. Соның бірі – қойнауы қазынаға толы Қаратау петроглифтері. Төрт мың жылдық тарихы бар таңбалы тастар төл өркениетіміздің тамыры тым тереңде жатқанын көрсетеді. Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпаөзеннен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқан. Осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деп санаймын. Құзырлы министрлікке осы мәселелерге қатысты жұмысты қолға алуды тапсырамын».
(Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі. Қызылорда қаласы).
Кең байтақ, Алтайдан Атыраудың арасын жалғап жатқан жазира даламыздың қай облысы, ауданы туралы сөз қозғап, өткен тарихын зерделесек, қойнауы қазына мен тарихи ескерткіштерге бай. Киелі Түпкістан, өндірісті Қарағанды, 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз, жер жанаты – Жетісу (Алматы, жетісу облыстарының аумағы), 360 әулиелі Маңғыстау, Атырау алқабындағы Сарайшық, Баянауыл мен Орал, дана Абай туған өлке – Шығысымның тарихи — мәдени және табиғи ескерткіштері ЮНЕСКО – ның Бүкіләлемдік тізімінде бар. Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылы 22 – мамырда мүше болып кірді. Ұйымның штаб-пәтері 1945 жылы 16-қарашада Францияның астанасы – Парижде құрылды. ЮНЕСКО-ның кеңсесі 1974 жылы Алматыда ашылды.
Бүгінде, ЮНЕСКО бүкіл әлемдік мұра тізіміне енген тарихи орындар:Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтері, Сарыарқа, Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерімен өтетін тармағы енген.
Қазіргі қоғамдағы жақсы жағалықтардың бірі, Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі Юнеско тізіміне алдын ала енді. Бұл туралы Ерлан Қарин Facebook әлеуметтік желісінде былай деп мәлімдеді:
«Бұл нысандардың тізімге бірге ұсынылуы Қазақстанда мәдени әралуандықтың бар екенін аңғартады. Сондай-ақ Орталық Азия аймағында ислам және христиан дәстүрлерінің үйлесімді түрде қатар дамығанын, бір-біріне ықпал етудің тарихи тәжірибесі қалыптасқанын көрсетеді. Мешіт пен шіркеудің алдын ала тізімге енгізілуі – Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау және оларды дәріптеу ісінің маңызды кезеңі. Бұл қадам ЮНЕСКО-ның рәсімдері мен талаптарына сәйкес номинация құжаттарын әзірлеуге негіз болады».
Жаркент мешіті – тарихи терең әрі сәулеті өте ерекше мешіт. Жаркенттің қазынасы, Жетісудың жауҺары аттанған бұл мешіт бүгінгі таңда музейге айналды. Мешіттің құрылысында темір шегелер қолданылмаған, шатырлары шығыс архитектурасынан үлгі ала отырып салынған. Алайда, 1930 жылдары діни нысан ретінде қолдануға тыйым салынады.
Вознесенск шіркеуі — ағаштан тұрғызылғанымен, беріктігі тас ғимараттардан кем түспейтін ерекше құрылыс. 1977 жылы «Қазақстан» қонақ үйі салынғанға дейін Алматыдағы ең биік ғимарат ретінде саналды. Шіркеу — әлемде теңдесі жоқ сәулет ескерткіші, әрі оны әлемдегі ең биік православ ағаш ғибадатханасы деуге толық негіз бар. Расында, сырт көзге ғимарат темірден жасалды деп ойлаймыз, бірақ бұл жай ғана имитация. Жер сілкінісінде бұрынғы шіркеу ғимараты толықтай қираған соң, қазіргі 28 панфиловшылар саябағы аумағында ғибадатхана салынады. Шіркеу құрылысына әскери инженер Андрей Зенков жетекшілік етті. Сейсмикалық аймақта құрылыс жүргізуге қажетті тәжірибесі мол Зенков 1904 жылы Верный қаласының 50 жылдығы қарсаңында шіркеу құрылысын бастады.
МАМАНОВА Мадина,
Алматы қаласы, Білім басқармасының
Медеу ауданы «172 мектеп-гимназияның» 11 сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі
Дереккөз: https://www.facebook.com/story. Сурет:Yandex.kz





