Киберспорт
Бұл әлемдік индустрияда қарқынды дамып келе жатқан ойын. Қазірдің өзінде Еуропа, Америка, Ресей, Украина және өзге көптеген елдерде жақсы дамыған.
Киберспорт — (ағылш. cybersport, «компьютерлік спорт» немесе «электронды спорт» деп те аталады) —бұл видео ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс.
Спорт ретінде ерекшеліктері
Барлық электронды спорт дисциплиналары бірнеше белгілі бір санаттарға бөлінеді. Санаттардың әрқайсысы ойынның орын алатын кеңістігімен, ойынның мақсатымен, ойыншы дамытатын қасиеттерімен ерекшеленеді. Санаттарға мысал ретінде келесілерді ұсынуға болады: Шутерлық ойындар, стратегиялық ойындар, жекпе-жек ойындары, спорт, авто, авиа симуляторлар және т.б.
Киберспорт рекордтары
*2011 жылда DOTA2 Natus Vincere командасы The International чемпионатының жеңімпаздары болып, бір миллион долларға ие болды.
*2012 IPL 4 season 6 миллон сағат теле эфир уақытын сатты. Сол чемпионаты 346 мың адам көрген болды.
*Документалдық Free To Play, Valve фильмі 2013 жылы 19 наурызда шығып, бір аптада бүкіл әлемдіктанымалдылығын алды.
*15 сәуір 2014 жылда DOTA2 ойынның ең узақ уақытойын болды. Оның ұзактығы 125 минутқа тен болды.
*2017 жылы эсперанттар аудиториясы бүкіл әлембойынша шамамен 385 миллион адамға жетті
Қазақстан киберспорты туралы
—Қазақстанда киберспорт дамуы екі мыңыншы жылдарда басталды және аталған индустрия «андеграунд» саласында ғана, яғни ойыншылардың, ынтагер — инвесторлардың және шағын компьютерлік клубтардың қаражаты есебінен ғана әрекет етті. Қазақстандық киберспорттың негізін жергілікті кәсіпкер Мұрат «Arbalet» Жұмашұлы қалады.
Ол әлі толық қалыптаспаған саланың келешегінен үміттеніп, «K23» деп аталатын ұйым құрды. Кәсіпкер халықаралық брендке айналған Natus Vincere брендінің дамуына да өз үлесін қосты. Дәл сол жылдары киберспорттың әлемінде Дәурен «Adren» Қыстаубаев, Рүстем «mou» Телепов және Евгений «dreaM» Богатырев сияқты қазақстандықтар пайда болды.
2002 жылы StarCraft: Brood War әлем чемпионатында Қазақстанның құрама командасы екінші орын алып, отандастарымыз халықаралық аренада алғашқы табысына қол жеткізді. Бір жылдан кейін өткен әлем чемпионатында күміс жүлде ұтып алды. 2005 жылы қазақстандықтар жаңа ғана қалыптасқан киберспорт әлемін тағы да таңғалдырды – жас «K23» ұжымы сенсация жасап, Сингапурде өткен Counter — Strike: Source әлем чемпионатының финалына шықты. 2009 жылы Қазақстанның «OS|oNe» командасы Шығыс Еуропада өткен DTS – Cup — 2009 аса ірі жарысының Dota 2 дисциплинасында жеңіске жетті.
Қазақстандықтардың eSports саласындағы ең жоғары жетістігі 2017 жылы өткен «На мажоре» жарысында (ескертпе: Counter-Strike: Global Offensive әлем чемпионаты) болды. Бұл жарыста Абай «Hobbit» Хасенов, Рүстем «mou» Телепов және Дәурен «Adren» Қыстаубаев есімді жігіттер Gambit Esports ресейлік ұйымының құрамында әлемнің үздік командаларын жеңіп шықты. Сол кезде Gambit командасы Қазақстан үшін рекордтық жүлдені, яғни жарты миллион АҚШ долларын ұтып алды. Осыдан кейін Қазақстан киберспорттың әлемдік картасында өз туын түбегейлі тікті. Біздің ойыншыларымыз туралы әлемдік БАҚ жаза бастады, бірақ бұдан да маңыздысы – бұл жайт ел ішінде киберспортқа деген қызығушылықтың артуына серпін берді. Бүгінгі таңда қазақстандық киберспортшылар сапа белгісі болып есептеледі және олар бүкіл әлем бойынша, әртүрлі құрамда, әртүрлі дисциплинада ойнап жүріп, әртүрлі рейтингте жиі көрінеді. Мысалы, Konina Power ұжымы PUBG: Mobile бойынша әлемдегі ең мықты командалардың бірі саналады. Биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстаннан келген ұжым PUBG Mobile бойынша әлем чемпионатында Топ-6 командалардың қатарына кірді. Мысалы, Даниял «XsVamp1re» Әлібаев Dota 2 бойынша әлемдік ойыншылардың Топ-100-дігінің қатарына кіреді, — дейді Киберспорт федерациясының PR директоры Тоғайбаев Батырхан Сағымбекұлы.
Киберспорт әлемде қалай дамуда?
Киберспорттың даму тарихы бірінші ойындар мен ойыншылардың арасында бәсекелестік рух пайда болған кезде басталды. 1994 жылы жарқын әрі өте тартымды киберспорт мәртебесіне жарамды ойын — Doom 2 болды. 1997 жылы АҚШ-та Эйнджел Муньез Cyberathlete Professional League (Кибератлетикалық кәсіби лига) негізін қалады, «кибер» және «атлет» сөздерін қосып, атақты Quake ойыны бойынша чемпионат өткізді, кейіннен (2001 жылы) Counter Strike чемпионатын өткізді. Бұл ресми киберспорт дәуірінің басталуы деп айтуға болады. 2000 жылы Samsung компаниясының қолдауымен алғаш рет ойыншылардың арасында танымал World Cyber Games әлем чемпионаты өтті. 2001 жылы Ресейкиберспортты ресми спорт түрі ретінде танылды.
Неге киберспорт спорт түріне жатады?
Кеңес заманының спорт теоретигі Лев Матвеевтіңжіктеуі бойынша спортты шартты түрде 6 топқабөлуге болады:
1-топ: физикалық күш;
2-топ: көлік құралын басқару;
3-топ: әр түрлі қару түрлерінен ату;
4-топ: конструкторлық қызмет;
5-топ: аумақта жүріп — тұру;
6-топ: логика және есептеу.
Дайындаған: Мұрат МҰСА, журналист
Дереккөздері: «Egemen Gazagstan», 6 қыркүйек 22021жыл.