«Жас мұраты, білім, тәлім — талабы…

                                                           Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы».

                         

                                                                                              Ілияс  Жансүгіров

 

  Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.  Әлеуметтік тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді.  

  Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады.

  Жеке тұлғаның ұлттық сана сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді. Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.

   Еліміз дамыған елдің қатарына кіру үшін түрлі бастамаларды қолға алып жатыр. Әрине бұл жағы баршамызға түсінікті. Еліміз еңсесін түзеп, жеріміз дамып жатса оның бізге тиер пайдасы болмаса, залалы соқпайды. Алайда мені толғандыратын жайт қазақ жастарының этикалық құндылықтары қаншалықты бірге дамып жатыр. Ендеше осы мәселені талдап көрейік.

  Бұл үшін біздің санамызда этика ұғымының қандай деңгейде екенін қарайық. Жалпы этика деген сөзді түрлі ұғымда, түрлі тарапта қарастыра беруге болады. Ол қарапайым өмір қағидасы секілді түрлі бөлімдерден құралған. Мәселен, ұлттық, мәдени және қарапайым мінез-құлықтардың ұғымдарымен дәл сәйкес келеді. Ал енді осы мәдени этикеттердің  қазақ жастары арасында қаншалықты терең сақталатынын тексеріп көрейік.

    Біріншіден, ата бабаларымыздың қоғамға қалыптастырған нақыл сөздері.  Әуелі бұл сөзімді ұлы ақын Абай атамыздың «Адами құндылықты сақтаудың бірі – жанд үниенің  рухани тазалығы болса, бірі – сананың  сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек,» деген нақылымен бастағым келеді. Расымен де адам баласының қарым қабілеттері мен қасиеттері туралы ұлы тұлғаларымыз мардымды өсиеттерін шетсіз, шексіз қалдырып кеткен. Осындай бақытты елдің ұрпағы ретінде Қазақи құндылықтарды санамызға сіңіріп этиканы сақтау өз қолымызда. Ойланып қарасам бұрын қазақтың кең жазира  даласында «этика» сөзі таралмаған еді. Бірақ бұл этиканың мүлдем болмағанын көрсетпейді. Керісінше, Қазақ даласында ежелден бері бұл тақырыптың түрлі ауқымда таралғанын біле аламыз. Оған «Жас мұраты, білім, тәлім — талабы… Өнер, оқу — жастық қару жарағы» алаш ардақтысы, ақын Ілияс Жансүгіровтың өлең жолдары дәлел емес пе? Сондықтан бертін келе жаңадан енген этика сөзінің сезімін одан әрмен дамытуға толық құқығымыз бар. Міне, осы дәйектемелерім арқылы қазіргі замандағы қазақ жастарының этикалық мәдениеті өте ежелден-ақ қалыптаса бастағанына дәлелдеме ретінде толық келтіре аламын.

 Екіншіден, жаңа технологияны меңгерген заманауи қазақ жастарының этикалық құндылығын сақтауы. Еліміз көштен қалмай иық тіресе сағат сайын ілгерілеп келеді. Заманауи көзқараста ойлайтын қазақ жастарында технология тілін терең меңгергендер бар. Әлбетте қайсармінезді қабілет пен елінің еңсесін түзеп, жеріміздің дамуына  үлес жасап жатқандар көп. Бұдан еліміздің көші алға дамып жатыр. Алайда жастардың этикалық құндылығы қаншалықты бірге өсіп жатыр? Менің ойымша, елімізде саналы жастар өте көп. Әрі білімге құштар, заманауи жастар тобының көші көбейіп жатыр.  

   Міне, осы замануи технологияның көшіне ілескен жастардан этикалық қабілетін байқаймыз. Себебі, этикалық қарапайым қайсар құндылығы болмағанда еліміз де, жастар да үлкен биіктерді бағындыра алмас еді ғой!

  Қорыта келе, алдау мен жалғаннан жиреніп, адалмен ардан аттамаған этикалық қабілеті жоғарықазақ жастары деп нық сеніммен айта аламын. Себебі, бейбіт елдің тұтқасын тұрақты ұстау осы этикалық қабілет арқасында жүзеге асады. Есіміздеболсын тұрақтылықты сақтау осы құндылықтарымызды бекіткенде ғана жүзегеасады. Жауапкершіліктің жүгін білген әржастарымыз заманнан да, қасиеттен де ешқашанайырылмайтынына сенімім мол!

 

 

 

 

 

 Аружан  ӘЛЖАНОВА,

                                    «Тұран» Университетінің2 – курс студенті.

                                                     Алматы

2 Replies to “Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары

  • Рамашева Ақшолпан
    Рамашева Ақшолпан
    Reply

    Тамаша жазылған. Қаламың ұштала берсін! Шынайы жазылған.

  • Гулдана
    Гулдана
    Reply

    Жарайсың Аружан👍🏽👍🏽👍🏽👍🏽

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *