«Ләззат Асанова – Желтоқсан қаһарманы»

ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы,
Қазақстан Республикасының Президенті:
«Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ»
«Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.» (Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтауынан:16 желтоқсан, 2024 жыл) https://kaz.zakon.kz/
Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы «Желтоқсан оқиғасының» тарихи, танымдық маңызын таныту мақсатында қала мектептерде байқау ұйымдастыруда.
Байқау Бостандық ауданының «Жастар қоғамдық орталығында» өтті. Байқауға қала мектептерінң 8-11 сынып оқушылары қатысуда.
Абай ұлттық мектебі «Ләззат Асанова – Желтоқсан қаһарманы» атты байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына 34 жыл. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады.
Бүгінгідей аспаны ашық, саясында ұлттық рәміздері — көк Туы желбіреп, Елтаңбасы жарқырап, Әнұраны шырқала беретін Тәуелсіздік – еліміздің әр отбасы қастерлейтін мерекесі. Тәуелсіздік тамыры тереңге бойлап, тұғыры биіктеп, алып елдер қатарынан көрінген мемлекетіміздің келешегі үшін шел мемлекеттерді аралап, елдің әлеуетін арттырып цифрландыру бағытындағы Қазақстанды таныту үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы шекаралас, алыс-жақын мемелекеттермен экономика мен мәдениет саласында көптеген келісім-шарттар жасасауда. Осының барлығы ел игілігі, ертеңі үшін. «Мен жастарға сенемін!» — деп Тәуелсіз елдің болашақтағы тізгіні – жастар мен өскелең ұрпақ екеніне зор сенім, үлкен үміт артады.
Ел сенімін ақтайтын жастар легіндегі мектеп оқушыларының парызы — жадынан тәуелсіздіктің қалай орнағанын бір сәт естен
шығармауы. Жаны бейбітшілікті жақтап, жүрегі Отанға деген сүйспеншіліктен жаралған, қаны бодандықтың шекарасын бұзып бостандыққа ұмтылған жастардың қиылған өмірімен келгенін бүгін таңда әр жас тағзым ететінінің куәсіміз. Тәуелсіздіктің көк Туы желбіресін, елімізде тыныштық орнасын деп денсаулығын, жанын, жастығын аямай алаңға қасқайып шыққан жастардың қаһармандығы мен ерлігі ешқашан ұмытылмайтыны мектепте өтетін іс-шаралар дәлел. Желтоқсан оқиғасы еліміз халқы жадынан өшпес орны алуы үшін мектеп пен жастардың тобын біріктірген мекемелерде кеңінен аталып өтеді.
Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы «Желтоқсан оқиғасының» тарихи, танымдық маңызын таныту мақсатында мектептерде байқаулар ұйымдастыруда. Байқауға қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысуда. Абай ұлттық бойынша ұйымдастырылған «Ләззат Асанова – Желтоқсан
қаһарманы» бейнеролик байқауында бақ сынады. Байқаудың ережесінде көрсетілген мақсаты, міндеттері, талаптарымен толық танысып шығып, толық орындады. Байқау – мектеп оқушыларының бойына патриотизм құндылықтарын сіңіріп, елін, жерін шын ниетімен сүйетін, халқы үшін адал қызмет ететін ұрпақ қалыптастырып, тәрбиелеудің негізгі жолы. Байқау ережесіне сәйкес бағалау кретерийлері белгіленді.
Атап айтқанда, Бағалау критерийлері:
- Бейнеролик тақырыпқа сәйкес, мазмұны, құрылымы анық, жүйелі (5 ұпай);
- Шығармашылық жаңашылдығы (5 ұпай);
- Өзіндік ерекшелігі (5 ұпай);
- Орындаушылардың мәнерлілігі мен эмоционалдылығы (5 ұпай);
- Дыбыстық сүйемелдеудің, бейне эффектілердің болуы (5 ұпай);
- Оқушылардың өзіндік қолтаңбасы, шынайылықтың болуы (5 ұпай);
- Сөз саптау, тіл тазалығы қатаң сақталуы тиіс (5 ұпай).
Оқушылар тақырып бойынша, топқа бірігіп, желтоқсан қаһарманы Ләззат Асанова туралы жинаған мәліметтерді, анасы
Алтынай Асанованың естеліктерінен үзінді айтып, ақындардың арнау өлеңдері мен өздерінң жеке шығармаларын ортаға салды. Қазылар алқасы Ләззат Асанова туралы оқушылардың жиған-терген шығармашылықтарына лайықты баға беріп, әділ бағалады.
Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы оқушылардың шығармашылығының одан әрі шыңдалып, ынталандыру мақсатында арнайы төиенгдегідей жүлде қоры белгіленді.
Байқау нәтижесі бойынша I орын – «Ұлт рухының тұмары» тобындағы Искендирова Амина, Ғұмырзақ Бекасыл, Нұрқасым Ақниет, Нұрланқызы Қарақат, Асқарбек Әмина; II орын – «Үміт» тобынан Уалихан Шыңғыс Шоқанұлы; III орын – «Алау» тобынан Ес Жандос Сатбекұлы ие болды. Ал, Ынталандырушы марапаты Көптілеу Гүлшат, Қанатқызы Айару, Дүйсен Сымбат, Смайл Ақниетке тапсырылды.
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар, жетекшілеріне «Алғыс хат» табысталады.
НҰРҒАЛИЕВА Гүлім Тұрсынбайқызы,
«Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің директоры
Сурет:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/karalyi-habar-kelgen-kun-lazzat-asanovanyin-anasyimen-suhbat; https://bilim-all.kz/





