Наурыз-барша мұсылман халықтарының тойлайтын қасиетті мерекесі, ұлыстың ұлы күні. Мереке 22 күні күн мен түн теңелген уақытта аталып өтіп, көктем мерекесі және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Қалың қысты артта қалдырып, күн жылығанына қарай құстарымыз туған өлкелеріне оралып, табиғат пен жер — ана, қоршаған орта мен жан-жануарлар оянатын уақыт. Ежелгі ата-бабаларымыздың түсінігі бойынша бұл күні Қыдыр ата жан-жақты аралап, әр үйге қонаққа келеді.

Наурыз  — әлемдегі ең көне мереке. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан артық уақыт атап өтіп келеді. Сонда, мейрам кейбір заманауи діндер мен мемлекеттер пайда болмай тұрып, 5000 жыл бұрын пайда болған. Наурыздың тойлануы бірліктің, ізгілік пен татулықтың, бақыт пен байлықтың белгісі. Осы себептен де, бұл күні барлығы ескі киім-кешектерінен арылып, жаңа заттарын киіп, халық тазаланып, бір-біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болып, жақсы тілектерін айтып, ойнап-күліп, жылына бір рет тойланатын мерекені еш қайғысыз атап өтеді.

Қазақтың салт-дәстүрлері бойынша мерекелік ойындар ұйымдастырылып, дәстүрлі тағамдар дайындалады. Балалар алтыбақан, қыз қуу, ұлттық билер билеп, асық ойнап, ауылды жерлерде әртүрлі көкпар, бәйге ат жарыстары ұйымдастырылып, үлкендер мен балалар асыр салып, көңіл көтереді. Ең басты тағам түрі жеті дәмнен Наурыз көже жасалады. Жеті дәмді атап өтсек: су, сүрленген немесе кептірілген ет, тұз, май, жарма, айран. Көженің жасалу себебі, оны тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді, тоқ болады деген ежелгі түсінік қалыптасқан. Сонымен қоса, дәстүрге сай ақсақалдар халыққа «Халық гүлдене берсін! Ақ мол болсын! – деп игі тілектерңн арнап, ақ батасын береді.

Бата «Қайда барсаң жолың болсын! Бұл күн молшылық әкелсін! Бүкіл жамандық пен барлық қара істер жер бетінен жойылсын! Ата-бабамыздың рухы жер бетінен жойылсын!» — деген  сөздермен аяқталады. Жыл сайын Алматылық жастар мерекеде ұлттық әшекей-бұйымдарын тағып, жігіттеріміз шапандарын киіп ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шараларға атсалысып, өнерлерін көрсетеді. Қазақтың ұлттық аспаптарының, әсіресе домбырамыз мен қобызымыздың күмбірлеген дауыстары көше-көшелерден естіліп, мерекелік атмосфера орнайды.

Мереке 21,22,23 күндері аталып өткендіктен барлық халық үш күн демалып, жақындарын аралап шығады. Осындай ұлттық мерекенің мемлекеттік деңгейде аталып өтіп, келешек ұрпаққа жалғасып қалуы еліміздің «Мәңгілік Елге» айналуына үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Келе жатқан жаңа жыл наурыз мерекеміз құтты болсын!

 

 

 

 

 

САБИТ Сабина,

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

№24 лицейдің  11 «Б» сынып

 оқушысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *