«Жас тілші» аттану – маған қанат бітірді.

     Мен үшін күтпеген қуаныш болды десем, шынымды айтқаным. Биыл мектеп бітіремін, таңдаған мамандығым журналист болу. Журналист болатын жасөспірім ең алдымен әртүрлі жанрда шығармаларын баспа беттеріне шығару қажет екен. Қолыма қалам алып, біраз дүниелерді жаздым. Енді оларды қайда ұсынамын? – деген сұрақтарыма жауап іздеп, балалар мен жасөспірімдерге арналған газет – журналдарды іздедім.

Мектеп директоры Тұңғышбаева Гүлназ Облбекқызы

       Солардың арасынан «Farabi  shakirti» шәкірті журналына көзім түсті. Сайт арқылы жарияланған дүниелерді оқып шықтым. Жазылған балаларға арналған танымдық материалдар қатты ұнады. Редакцияға хабарласып, бас редактор Жанастан Тұрсынқызымен таныстым. Жазған дүниелерімді редакция поштасына жолдап едім, жіберген мақалаларым жариялана бастады. Қуанып кеттім. Тапсырмалар алдым.  Журнал оқырмандары азайып, басылым желілік басылым болып жарияланып жатыр. Менің жіберген мақалаларым  журнал сайтына жарияланып, көптеген оқырмандар оқып, қаралым жинадым.

Күні кеше, Алматы қаласындағы №24 лицейімізге  журналист Ж.Кучукова арнайы келіп, маған жас тілші екенімді растап, куәлік тапсырды.

Сынып жетекшіміз – Найманбаева Бақыт Мошкаевна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Болысбек Шоқан Даулетханович

Мектеп директоры Г.О. Тұңғышбаева оқушыларға журналист мамандығы, мамандықтың қазіргі замандағы орны, маңызы туралы айтып өтті.

—Қадірлі түлектер! Алда үлкен  – бірыңғай ұлттық тест тапсыру сынағы тұр. Сынақтан мүдірмей өтулеріңізге тілектеспіз. Мектеп бітірген соң, барлықтарың жүрек қалауындағы мамандық иесі атану үшін еліміздің жоғары оқу орындарына құжат тапсырасыңдар. Қазақстандағы ірі университет, академияның студенттері боласыңдар деп сенеміз. 11 «Б» сыныбының оқушысы болашақ мамандығын таңдап, журналист боламын деп талпынып жатқанын сайтта жарияланған материалдары арқылы оқып, сүйсініп отырмыз. Сабинаға сәттілік тілейміз! Өздеріңіз білесіздер, біздің лицейіміздің атын шығарып, жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларымыз аз емес. Ата – ана мен сынып жетекшісі арасында жарасымды сыйластық, түсіністікпен баланың тәрбиесі мен оқуына тең қолдау көрсеткенде ғана оқушы жетістікке жетеді. Бұл орайда, лицей оқушыларының ата – аналарына да алғыс айтамыз, — деп сөзін түйіндеді Гүлназ Облбекқызы.

Желілік басылым редакциясына шынайы шығармашылық табыс тілеймін. Жас дарынның қаламының ұшымен жазылған дүниесін қалыс қалдырмай жариялап, қанаттандыра беріңіздер демекпін.

Республикалық  балалар мен жасөспірімдерге арналған «Farabi shakirti» журналы оқырмандары мен ұжымы атынан мені құттықтаған бас редактор «Қаламы қарымды журналист бол!» — деген игі тілегін айтты.

                                                                                              САБИТ Сабина,

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

№24 лицейдің  11 «Б» сынып

 оқушысы.

«Farabishakirti» желілік басылымының

жас тілшісі

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *