Подкаст пайда әкеле ме?

Өзіңізді оқырмандарға таныстыра өтсеңіз.

—Сәлем! Менің есімім Әйнел Әмірхан. Мен 20 жылдық тәжірбиесі бар, пиар маманымын. Ұзақ жылдар бойы үкіметтік емес ұйымдарда қызмет атқардым. Бүгінгі күні подкастшымын. 2019-жылдан бері “Oydetox” подкастын жүргізіп келемін.Ең алдымен подкасттың аудио форсаты шықты, 2022-жылы видео форматта қатар шығып жүрді. Қазір, “Oydetox” ютуб арнам бар, ол желіде «Тасадағы әйелдер» атты авторлық жобамды жүргізудемін.

—Енді, жалпы сұхбатымыздың басты сұрағына келетін болсақ, Подкаст дегеніміз не?

—Подкаст РСС арқылы тарайтын онлайн тыңдауға және жүктеп алуға болатын жүйелі түрде шығатын аудио форматтағы жазба. Әдетте подкаст сұхбат түрінде, әңгіме түрінде, монолог түрінде, журналистік зерттеу түрінде болуы мүмкін. РСС-дегеніміз ол веб-сайттар арасында жаңалықтарды, мақалаларды және басқа да мазмұнды тақырыптарды алмасу үшін қолданылатын деректер пішімі. Яғни, сіз РСС арқылы подкаст тыңдауға арналған платформаларға бірден тарата аласыз.

—Подкасттың әлеуметтік желілердегі бейнежазбалардан айырмашылығы неде?

—Енді, подкаст аудио форматта РСС арқылы тарайтын дүние. Жанр тазалығына келетін болсақ, құлаққап арқылы немесе үйде дауытсап қойып, аудио форматта тыңдай аласыздар. Біз ұзақ жылдар бойы айтып келе жатырмыз, елімізде тыңдау мәдениеті айтарлықтай қалыптаспаған. Әсіресе, жаңадан подкасттар шыға бастаған сонау 2017 жылды алсақ, 2009 жылды алсақ, тіпті, 2019 жылы мен келген уақытта да, көбісі «мен тыңдай алмаймын», «маған қиын», «көңілім бөлініп кетеді» — ,дейтін адамдар көп болатын.    Ал,қазіргі кезде көптеген аудио кітаптар бар, әсіресе мотивациялық адамдардың сөйлеген сөздері бар. Сондықтан адамдардың аудиоға қызығушылығы күн сайын артып келе жатыр. Ал, ютуб форматта шығатын, жаңағы өздерің подкастермін деп атайтын адамдар тек ғана видео форматта жасап оны РСС арқылы аудио форматта, подкаст тыңдауға мүмкіндік беретін қосымшаларда таратпаса, олар толыққанды подкаст болып есептелмейді.

—Тұлғалық даму жолында подкастингтің пайдасы барма?

—Тұлғалық дамудағы подкастингтің берер әсері ол әр тыңдарманның қандай подкаст тыңдайтынына байланысты, не іздейтіне, өмірлік ұстанымына байланысты. Өз басым подкаст жасаудан мүлдем ұтылмадым. Себебі, мен көкейімдегі сұрақтарды қоя алдым, 4 жылдан бері жүргіземін деп ақылды адамдармен таныстым, аудиториям кеңейді, жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мен сияқты ойлауымыз бен сұрақтарымыз бір адамдар, маған келген қонақтар арқылы, өздеріне көмек алды деп ойлаймын.

—Қазіргі таңда қазақша подкасттардың өсу қарқының айта кетсеңіз?

—Қазіргі уақытта қазақ тілді подкасттар саны артып келеді. Әсіресе қазақ тілді мамандар, журналистер, пиар мамандар жүргізуге тырысады. Студенттер әсіресе бұл форматқа қызығады, оның ішінде әрине, журналистика факультетінде оқитындар. Қазіргі кезде қателеспесем 70-ке жуық қазақ тілді подкасттар бар, кейбірі аудио, видео форматта шыққандары бар. Бұл жерде форматтары бойынша сұрақтар туындайды, көбінесе елдер подкастты бірнеше адамның жиналып әңгіме айтуы деп есептейді. Шын подкасттарға назар салсақ, монолог форматындағы подкасттар көп. 4 жылдан бері подкаст саласындамын ғой, бұл салаға хобби ретінде, үлкен қызығушылықпен келген болатынмын.

Қаралым, тыңдалым бойынша өз алдыма мақсат қоймадым. Себебі, мен пайда іздемедім. Бұл сала қызық болған соң, ұзақ ізденіп қарадым көптеген мүмкіндіктерді жасап көрдім. Диктофон, микрофон, видео форматы сияқты түрлі даму сатысынан өттім. Бұл сала мені байытты, көкжиегімді кеңейтті. Осыны негіздей отырып, мен айтатын едім, біткен іске сыншы көп, жасаған адамдарды сынайтындар көп. Сондықтан сын сізді өшірмеу керек,өсіру керек. Әр затқа ренжіп, сына берсеңіз, белгілі саладан кетіп қалу өте жеңіл.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

—Өзіңе ұнаған істе, әлі де шабуға деген мүмкіндік болса, алға қарай жылжи беру керек деген ұстанымдамын. Сынды дұрыс қабылдау керек деген ойдамын және қалаған ісіңді бастамайынша, білмейсің, үйренбейсің деген ұстанымдамын.

Сұхбатыңызға рақмет! Алдағы жоспарларыңыз нәтижелі болсын!

МОЛДАШЕВА Ақбөпе,

Е. Бекмаханов атындағы мектебінің

11- сынып оқушысы.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

Ұзынбұлақ ауылы