«Рухани құндылық – тәрбие бастауы»
Ғабит Мүсірепов
«Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа
қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой
ойлаудан да тыйылар едік».
Рухани құндылық туралы сөз бастағанда, ұлттық педагогикаға тоқталмай кетпейміз. Ұлттық педагогика, халық педагогикасы — халықтың ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесін зерттеп, ғылыми жүйеге келтіретін педагоика ғылымының саласы. Адамның белгілі бір этносқа тән қасиеті сәби кезінен қалыптасады. Бала өмірінде отбасы тәрбиесі басты рөл атқарады. Отбасы мүшелерінің қарым — қатынасы, бір-біріне көзқарасы, ойлау жүйесі, жүріс -тұрысы, мінез-құлқы – ұлттың анықтаушы, бөлінбес бөлшегі.
Халық педагогикасының негізіне ұлттық рухани,мәдени мұралар, ( ою – өрнек, қол өнері, ән — күй, өлең — жыр, т.б.), салт — дәстүрлер, әлеуметтік мінез — құлық нормалары кіреді. Ауыз әдебиетінің үлгілері, оның ішінде мақал — мәтел, өлең — толғау, термелер, жұмбақтар – ақыл-ойды жетілдірудің, батырлар жыры, ән — күй, терме — тақпақ – эстетикалық және ерлік рухта тәрбиелеудің, ертегілер мен аңыздар – адамгершілік мінез —құлықтар мен қарым — қатынасты қалыптастырудың құралы ретінде пайдаланылады.
Жоғарыда аталған ұлтық педагогиканың негізі – кітапта жатыр. Бүгінгі интернет желісі көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезде, балаларғағ әсіресе мектеп жасындағы оқушыларға кітап оқыту, жақсы шығарманы таңдауына көмектесу – рухани байлық қоймасын ұстаған кітапханашының міндеті. Кітап оқуды бастауыш сыныптан қалыптастырса, бала жасына лайық кітаптарды өзі іздеп оқитын дәрежеге жетеді. Заман ілгерілеуіне қарай электронды кітаптар дайындалуда. Оқырман үшін шығарманы қай нұсқада оқыса да өз еркі. Дегенмен, кітапты қолмен ұстап, парақтап оқығанға не жетсін!
Тұрар Рысқұлов аудан әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2022 жылы 13 қазандағы № 02-2756 санды хатына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Сыйлыққа кітап –В подарок — книга» атты тақырыпта кітапханаға кітап сыйлау іс —шарасы жүргізілуде. Іс — шара барысында мектебіміздің кітапхана қорына 10 — шы сыныптың шәкірттері Өмірхан Әбиманұлының кітаптарын сыйға тартты.
Сондай-ақ, «Буккросинг — бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі –Bookrossing-Книговорот» атты акциясы аясында мектеп кітапханасында төмендегідей шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, кітапханадағы балаларға арналған әдеби кітаптар мен әлем әдебиеттерінің айналымдағы Д.Лондон «Теңіз қорқауы»,Ж.Баласағұн
«Құтты білек», М.Николо «Әмірші», «Қобыланды батыр», «Қыз жібек»,
С. Мұратбеков «Жабайы алма», Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»,Ә.Қалдыбаев «Мен апамның баласымын», С. Бегалин «Бала Шоқан»,
Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ», Марк Твен «Том Соердің басына кешкендері»,
Р. Мұханова «Мәңгілік бала бейне», Д. Гринвуд «Өгей бала», Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц», И. Тургенов «Әке мен бала», Д. Дефо «Робинзо Крузо», Ж.Верен «Он бес жасар капитан», В.Санги «Девочка лебедь» шығармалары. Сондай – ақ, Жапон жазушыларының балаларға арналған шығармалары «Әуелеп ұшқан тырналар», Т.Абдраим «Летя журавли», Л.Калаус «Зов солнца» әдеби кітаптардыоқушылар оқып, талқылауда. Оқырмандар арасында кітап оқу мен кітап сыйлау акциясы жалғаса береді.
Балалар мен жасөспірімдерге кітаптың құндылығын айта отыра, көркем шығармалар адамды рухани жандүниесін байытады, тәрбиелейді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл — ойы мен іс — әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін — өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.
ЖАДРАЕВА Лейла Талғатқызы,
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,
Қ.Сұлтанбеков атындағы
шағын орталықты орта мектебінің
кітапхана меңгерушісі