Сарбаз – алғашқы әскери дайындық сабағында шыңдалады
Қасым Жомарт ТОҚАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті
«Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда
ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм
қағидаттарын басшылыққа алуы керек».
«Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық», — деп Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы ұрпағына ұлағат қалдырған.
Мектеп оқушысы кезімде болашақта ұстаздық жолды таңдап, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге алғашқы әскери дайындық сабағынан дәріс беретін мұғалім болуына өнеге көрсеткен Мүсілімов Ерболат ағай деп құрметпен айтамын. Тәлімгер – ұстаз қазір зейнеткер. Соған қарамастан, ауыл балалары мен жастарының тәрбиешісі. Тәжірибесі шыңдалған ұстаздан үйрендім. Болашақта, бүгін мен оқытып келе жатқан жасөспірімдердің арасынан АӘД пәні мұғалімі мамандығын таңдайтын жас табылады деп үміттенемін.
Отан қорғау – еліміздің әр ер — азаматының қасиетті борышы. Қасиетті борышқа бүгінгі біз дәріс беріп, әскери дайындыққа баулып келе жатқан шәкірттеріміз адал болады деп сенеміз. Заман ілгерілеген сайын әскерге қойылатын талап та жоғары болатыны сөзсіз. Жаңа ғасыр әскері жаңа әскери қарулар мен цифрлфқ техникалардың іске қосылуын әбден меңгерген, жауына көз ілеспес жылдамдықпен тойтарыс бере алатын біліммен қаруланған сарбаз болуы қажет. Осындай ержүрек жастарға алғашқы әскери дайындық пәнінің беретін пайдасы қашанда орасан.
Оқушыларға әскери дайындық сабағын өткенде, әр тақырыпқа байланысты көп ізденістер қажет екенін айтқым келеді. Әскери тәртіп, әр ұланның өзін – өзі ұстауы, шыдамдылыққа үйрену. Қиын сәтте жалтармау, сабақта өткен тақырыппен шектеліп қалмай, еліміздің Қарулы Күштері туралы көп оқып — білуіне байланысты әңгімелер өткіземін. Әскери техниканы меңгеру – қазіргі заманның жаңа технологияларымен жабдықталған. Аса білімділікті қажет етеді. Соған орай, оқушылар арасында жас сарбаздар ойындары, жарыстар, байқаулар ұйымдастырылады. Сабақты осылайша түрлендіріп өткізу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, әскери техникалар туралы көбірек мәлімет алуға үйретемін. Мектептің жоғары сынып оқушыларында еліміздің ғана емес, шетелдік әскери техникалар туралы білуге ынталануда. Балаларымыздың әскери сала туралы көп білгені артық болмайды. Әсіресе, ер балалар үшін аса қажет саланың бірі. Әскері мықты елдің шекарасы бекем болатыны сөзсіз.
ҚР «Білім туралы Заңы» аясында өтетін алғашқы әскери дайындық пәні «Калашников» автоматының құрылысын шашып, тез тазалау, жинау бағдарламаның теориялық негізіне сүйеніп өткізіледі. Сабаққа ұл — қыздардың әскери формада келуінің өзі – балалар жандүниесін Отанға деген шынайы сүйіспеншілікке бөлейді. Пәннің аясын кеңейтіп, әр тақырыпты бастамас бұрын оқушыларды ширатып алу үшін ел қорғаған батыр бабаларымыз туралы естелік айту үрдіске айналған. Қазақ жерін сыртқы жаудан өткен ғасырлардың әр жылдары қорғаған батырларымыз қаншама?! Әр батырдың ерлік жолы – балалардың жүрегіне батылдықты, батырлықты, отан қорғауға деген шынайы ниетін шыңдайды.
—Ағай, сіз әскери дайындық сабағын өткізетін мамандықты жүрек қалауыңызбен таңдадыңыз ба?- деп сұрайды оқушылар.
Мектептегі ұлдар мамандық таңдауға келгенде көп ойланады. Мамандық – адамның өзімен бірге қаланатын – өмірі. Мамандық дұрыс таңдалса, оның барлық қиыншылықтарынан сүрінбей өтіп, мақсатыңа жетесің. Бала оқытудағы қай пәнді алсақта, оңай оқыта салатыны жоқ. Ұстаз – өз пәнін шәкірттеріне дұрыс ұқтыруы үшін көп ізденеді, тәжірибелі ұстаздардың өнегесінен үйренеді. Менде жоғары оқу орныны бітірген соң, қай салаға барсам екен деген көп сұрақ туындады. Еліміздің мегаполистерінде қалуыма да боал еді. Соған қарамастан, туған ауылыма оралып,мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Алысқа кетпей, туған ауылым – Сарыбастау мектебіне оралуым ауылыма деген құрмет.
Райымбек ауданы білім бөлімінің басшысы ҮМБЕТАЛИЕВ Саят Ерсайынұлы (ортада)
Адам – өз саласының білгір білікті маманы болуы міндетті. Білікті, сауатты, іскер мұғалім, маман барлық салаға ауадай қажет. Мектепте оқытылатын әр пәннің өз ерекшелігі бар. Қай пән мұғалімін алсақта, өз елінің патриоты. Өзінің Отанға деген сүйіспеншілігі арқылы жасөспірімдерді де ұлтжанды азамат болып ержетуге тәрбиелейді. Сол айтпақшы, алғашқы әскери дайындық сабағының да өз ерекшеліктері бар. Пән – мектептің жоғары сынып оқушыларын Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қаруларын меңгеруді үйрететінін айтамын.
Д.А.Қонаев атындағы Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, әскери дайындығымды одан әрі шыңдау мақсатында Қарағанды облысында әскери борышымды өтедім. Пән сабағы барысында оқушыларға әскери өмір қаталдықты талап ететінін де айтып өтемін. Сабақтың маңызы да сол – ұл-қыздарымызды жауапкершілікке, жылдамдыққа, әскери іс – қимылға үйрету, төзімділікке баулуболып табылады. Әскери — патриоттық тәрбиеніалғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырып, жастардың әскери іс-қимыл жаттығуларынжақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал етеді. Әскери —патриоттық тәрбие беруде мұғалімнің атқаратынролі өте маңызды. Болашақ Отан қорғаушысындайындау біздің басты міндетіміз деп санасақ та болады. Оқушылардың алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылығын ояту үшін, әр — түрлі әдістерді пайдалана отырып өткізу қажет. Бейнематериалдар, әр түрлі деңгейдегі тесттер, сабақ өткізу кезінде психологиялық, математикалық тренингтер өткізу керек. Сабақ өткізу барысында мысалдарды өмірмен ұштастырып, байланыстыра отырып оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек.
Мен ұстаздық ететін Райымбек ауданы, Сұраншы Сауранбаев атындағы мектеп директорыМолдасан Ауғали Мышанұлы да оқушылармыздың шынығу жаттығуларына арналған шаралар өткізуге ұйытқы болуда. Әскери дайындық сабақтарын өткізетін алаңның талапқа сай жабдықталуы, кейбір жаттығуға қажетті нысаналардың толық болуын қамтамасыз етуге қолұшын беруде. Қай пән болмасын, білім сапасының стандартқа сай болуы, оқушылардың тәртібі, шығармашылық дамуы, барлық пәнді жақсы оқуы арқылы мектептің беделін арттыру – ең алдымен басшыға, ұстазға байланысты. Мемлекетіміздің бір бөлшегі – ауыл. Ауылды сақтап қалу үшін инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың тұрмысын қаладағыдай қалыптастыру – білімді, өз ісінің кәсіби шеберлерінің қолында. Бесаспап мамандарды мектепте қалыптастыруға бар күш —жігерін жұмсап отырған елімнің жас маманы екенімді мақтанышпен айтамын.
КЕКЛОВ Телтай Мухаметалиұлы,
«Алғашқы әскери дайындық»
пәнінің мұғалімі. «ҚР Қарулы Күштеріне
30 жыл» төсбелгісінің иегері.
Алматы облысы