«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Қазақстандық журналистиканың қалыптасу құпияларын ашатын «Медиаменеджер» кітабы таныстырылды

Алматыда Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде танымал журналист, медиаменеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Мұхамеджанованың «Медиаменеджер» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Бұл жинаққа Н.Мұхамеджанованың ірі көлемді деген 37 сұхбаты мен кең көлемді мақалалары топтастырылған. 250 беттен тұратын кітап 4 ірі тарауға бөлінген.

Жарық көрген туынды — отандық топ медиаменеджерлері арасында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі — Нұржан Мұхамеджанованың Қазақстан журналистикасының даму тарихына қосқан нақты үлесі.

Ақпарат саласындағы еңбек еткен 40 жылдық іс-тәжірибесінің соңғы 20 жылында Н.Мұхамеджанова беделді Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігін,  еліміздегі ең ірі телеарналарды, оның ішінде «31» арнасын, «Қазақстан» телерадиокорпорациясын, «Алматы» телеарнасын басқарған жылдардағы менеджерлік тәжірибесіне сай берген сұқбаттарынан жинақталған.

Бұл еңбек шығармашылық қауымға және журналистика мамандығын игеруге ниет еткен студенттерге де пайдалы болады.

 

                                                                 Almaty.tv

 

Сәйкес жаңалықтар

ҚАРА ШАҢЫРАҚ ҚАЗҰУ-ЫМ

admin_farabi

Қазақстандық оқушылар — әлемнің үздік инженерлерінің қатарында: еліміздің құрамасы FIRST Championship әлемдік чемпионатында алты бірдей марапат жеңіп алды

Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беріледі

admin_farabi