ШҚО-да халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2025 жылғы 18 сәуірде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» тақырыбымен Бас прокуратура мен Конституциялық Сот өкілдерінің қатысуымен «Конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – құқықтық мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция қатысушыларына құттықтау сөзін облыс прокуроры А.М. Байшолақов пен университет ректоры М.А. Төлеген жолдады.
Конференция барысында Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Б.М. Нұрмаханов пен Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамов баяндама жасады. Спикерлер Конституцияның құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызды рөлін, конституциялық құндылықтардың маңыздылығын, сондай-ақ прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін одан әрі нығайтудың қажеттілігін атап өтті.
Конференция қатысушылары өзекті сұрақтарға жауап алды және Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талқылады.
Бас прокуратура мен Конституциялық Сот өкілдерінің өңірлерге шығу кездесулері жалғасуда.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі