«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

ENU жастары халықаралық өнер фестивалінде топ жарды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IV халықаралық «Dubai Grand Festival» өнер байқауында ENU жастары ел намысын абыроймен қорғап, зор жеңіске қол жеткізді.

«Аспапта орындау» номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Дала сазы» фольклорлық оркестрі мен «Театр» номинациясында бағын сынаған «Шаңырақ» студенттік театры байқаудың ең жоғарғы марапаты – Бас жүлдеге ие болды.

Фестиваль аясында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі елдерден келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл ENU жастары үшін үлкен шабыт пен жаңа белестерге жол ашқан айтулы шара болды.

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

 

Сәйкес жаңалықтар

Ата

Болашақ журналистер білетін негізгі жанрлар

farabi shakirti shakirti

Бала күніміздің естелігі — сүйкімді қуыршақтар