Шығыс ғұламалары Әбу Райхан Беруни
Ұстаз Абдулхамид Нирнури:
«Әбу Райхан Жердің Күнді айналу мүмкіндігі жайлы ашық әрі еркін сөйледі. Жер қозғалмайды деп дәлел келтіргендерге жауабында «Жер қозғалады, ал Күн қозғалмайды. Жер бетіндегі заттардың ғарышқа ұшып кетпеуінің себебі мынада: Жердің ортасында бір күш бар, ол заттарды өзіне тартып тұрады және Жер қозғалған кезде заттардың ғарышқа ұшып кетуіне кедергі жасайды деген».
Тек Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 жылы Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл — Бируни, лақабы Әбу Райхан.
Анасы оны қиын шарттарда, отын сатып өсірген. Бала кезінен ғылымға және зерттеуге ынталы болған. Харезм шахтарының қамқорлығына алынып сарай тәрбиесімен өскен. 17 жасынан бастап жетістіктерімен көріне бастаған. Атақты ғалым Әбул Уәфаменен астрономиялық бақылаулар жасады. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап алғанында ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа алып барды. Арап, Парсы, Иврит, Рим, Сирий, Грек және Қытай тілдерін жақсы білетін.
Математика, астрономия, геометрия, физика, химия, медицина, фармацевтика, тарих, география, этнология, геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты 30 — ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап жемісін берді.
Әбу Райхан Беруни:
* Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған.
* Сол дәуірде Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан V ғасыр бұрын Америка материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан.
*Геометрияны ботаникада қолданды.
* Айдың, күннің және жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелерге қол жеткізген.
* Материктердің солтүстікке қарай жылжуы туралы пікірді алғаш айтқан.
*Аурулар туралы да өте көп білген. Қай шөп қай ауруға дауа болатынын білген.
*Алгебра, геометрия, география салаларында заманының ең білімдісі ол еді.
*Тригонометрияны астрономиядан бөлек бір білім саласы етіп бөлді.
*Алғаш рет жердің диаметрін өлшеген. Бұл өлшемі қазіргі өлшемге дәлме дәл келуде. Еуропада мұны Бируни жүйесі деп атайды.
*Тығыздық өлшеу құралын (пикнометр) тапты және ыстық сумен суық су арасындағы тығыздық айырмашылығын 0,041677 деп анықтады.
*Махмуд, Сәбуктәкин және Харезмнің тарихтарын жазды.
*Салыстырмалы діндер тарихының құрушысы болып саналды.
*Ғылымның барлық саласына жарамды 180-ге жуық еңбектер жазды.
* “Айтқандарымның ішінде ақиқаттың сыртына шыққандары болса Аллаһқа тәубе етемін. Барлығы Оның қолында” деп айтатын.
Суретте: Әл — Бируни кітабындағы айдың түрлі фазалары көрсетілген кескін
Bilimall.kz