Шымкент мектептеріне күн панельдері орнатылуда

(ЖШС «Қазыбек» жббм-не қойылып жатқан күн энергиясы)

Қазіргі таңда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соның ішінде күн энергиясын пайдалану – экологияға зияны аз, тиімді әрі үнемді технологиялардың бірі. Соңғы жылдары Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде де осындай жаңашыл жобалар іске асырыла бастады. Шымкент қаласындағы кейбір мектептердің шатырларына күн панельдері орнатылып, олар арқылы электр энергиясы өндірілуде. Бұл жоба мектептердің электр энергиясына кететін шығындарын азайтуға және экологиялық таза энергияны пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, қаланың бір гимназиясында орнатылған күн панельдері тәулігіне шамамен 50 кВт-қа дейін электр энергиясын өндіреді. Соның нәтижесінде мектептің электр қуатына жұмсалатын шығындары айтарлықтай азайған.

Мамандардың айтуынша, мұндай жүйе мектептің жарықтандыруын және кейбір техникалық құрылғыларын электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, күн энергиясын пайдалану арқылы мектеп бюджеті үнемделіп, ол қаражатты оқу құралдарына немесе басқа да қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік туады.

Осындай жоба Шымкент қаласындағы «Қазыбек жалпы білім беретін мектебіне» де  орнатылып жатыр. Мектептің шатырына орнатылып жатқан күн панельдері білім ордасын экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жаңашылдық тек энергия үнемдеуге ғана емес, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Мұндай жобалар оқушыларға да пайдалы. Олар жаңартылатын энергия көздері туралы тәжірибе жүзінде танысып, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттыра алады. Сонымен қатар, бұл бастама Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу саясатына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Қорытындылай келе, Шымкент мектептерінде күн панельдерін орнату – болашаққа бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама энергияны үнемдеуге, қоршаған ортаны қорғауға және оқушылардың заманауи технологиялар туралы білімінарттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Мадина ҚАНАТҚЫЗЫ

                                                                                                                Шымкент қаласы, ЖШС«Қазыбек» жббм-нің

11«А» сынып оқушысы

Қолданылған әдебиет: qazaqgreen.com