«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Құс қанатты жырлар

«Қазақтың жазира даласына көктем келд!»

Дереккөзі:https://pibig.info/108034-kazahskaja-step-vesnoj.html

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің» оқушылары жолдаған өлең шумақтары.

Жетекшісі: Танысхожаева  Гулбайра  Беделханқызы

Аналар мен аруларға арнау

*Көктемнің шуағымен нұрын шашқан,

Құлпырып жердің беті гүлін ашқан.

Мерекең құтты болсын, асыл жандар,

Күлімдеп, бақыт тапқан әрбір асқар.

*Анашым – өмірімнің алтын бағы,

Сен барда арайланып атады таң.

Мейірім мен шапағат сенен ғана,

Сенсің ғой  әлемдегі асыл жан.

*Сүйікті жар, қарындас, ару қыздар,

Көңілден кетсін мәңгі қысқы мұздар.

Жүздеріңнен нұр ойнап әрқашанда,

Жарқыраңдар көкте жанған жұлдыздай.

*Әр үйдің берекесі, шамшырағы,

Анасыз тіршіліктің жоқ тұрағы.

Мейрамың құтты болсын, нұрлы көктем,

Таусылмас қуаныштың ақ бұлағы!

ОРЫНБАЙ  Айсұлтан Қанатұлы,

10 «А» сынып оқушысы

Ұстазыма

*Көктемнің шуағындай нұрын төккен,

Мейірім аралындай гүлі көктем.

Шәкірттің болашағын биік қойып,

Өмірдің өткелінен бірге өткен.

*Сабырдың сарқылмайтын арнасындай,

Білімнің баға жетпес алқасындай.

Жазумен тақтадағы тағдыр қашап,

Тұрасыз ақыл-ойдың айнасындай.

*Жүзінде ұялаған ізгілігі,

Жанының жоқ жасырын, үзігі мін.

Ұстаздың еңбегімен арайланар,

Ертеңгі атар таңның әрбір күні.

ЖАНБОЛАТОВА  Айзере  Мақсатқызы,

2 «Б» сынып оқушысы

Қазағымның арулары аякөздей

*Қазағымның арулары аякөздей,

Құлпырады гүл бақшадай бәрі бірдей.

Жүздері нұр шуақтан жаралғандай,

Әлемді жарқыратып жібергендей,

*Жүздерінен шуақ төгіп күлімдеген,

Көктем келіп тұр ғой көздерінен.

Сезіледі табиғат әсемдігі,

Құлпырған атырабы бейне гүлдейін.

*Жаратқан сұлу қылып бір Алла өздеріңді,

Құртпаңдаршы бейне бір сұлу жүздеріңді.

Бояусызда сұлусыңдар тіл қақтырар,

Қарасаң көз тоймайтын бір бақ болар.

*Инабат пен ибаны серік еткен,

Қазағымның қыздары сұлу қандай!

Парасаты бойына бір тоғысқан,

Қазағымның қыздары мықты жандар.

 ТІЛЕПБАЙ  Саян Режепбайұлы,

10 «Ә» сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Жамбылдың дара бейнесі

Адамның сүйікті ісі — хобби

Бабалар салған сара жолмен келемін