Сымбат — мүсін дегенің

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
***Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
***Денсаулықпен тең түсер досың жоқ,
Дерт-кеселмен тең түсер қасың жоқ.
***Ақшаны оңай табарсың,
Саулықты қайдан аларсың?!
***Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.
***Емнің алды – еңбек.
***Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
***Асығыс піскен асты жеген ауру болады.
***Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.
***Дос — жаран ауырып қалғанда,
Елемей селсоқ жүрерсің.
Әлекке ауру салғанда,
Қадірін жанның білерсің.
***Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдын ал.
Bilimall.kz
ДЕНСАУЛЫҚ
Денсаулық ол – шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол — тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол — күлуің,
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Қара айнаға, көресің,
Өзіңді – адам денесін.
Қол — аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар
— Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің
— Құрылысың бұл ішкі.
Сымбат — мүсін дегенің,
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/
Сурет:https://newqazaq.kz/ сайтынан алынды.