«Таңдамалы трактаттар»

Әбу Насыр әл – Фараби: «Ғылым туралы»

                           Логика (ғылымы туралы)

Біз [ғылымға] не енетіні, сонан соң оның пайдасы және оның  зерттеу пәні туралы мәлімет береміз, содан кейін [бұл ғылымның] атының мағынасы туралы  айтып береміз, ал бұлардан соң оның бөлімдерін тізіп шығып, оның әрқайсысының мазмұнына тоқталамыз.

Логика анықтамасы: Логика өнері ақылды жетілдіруге бағытталған заңдар жиынтығын береді, ол қатеге ұрыну мүмкіндігі бар  ақыл нысандарын танудың барлық жағдайларында адамды дұрыс жолға,  ақиқатқа бағдарлайды; ақыл нысандары жөнінде қателесуден, мүлт кетуден  және адасудан сақтап, қорғайтын заңдарды үйретеді, нысандарды ақылмен танудың барысында әлдебір адамның сол жөнінде қателеспегеніне кепілдік берілмейтін жағдайда, соларды тексеруге болатын заңдарды ұсынады. Ақылмен пайымдалатын нысаналар арасында ақылдың кателесуі мүмкін емес нәрселер де бар: (28 – бет).

жаратылысынан бойына біткен танымдар мен анық білім; мысалы, тұтас нәрсе оның бөлшегінен үлкен, әрбір үштік – тақ сан.

Ал енді өздері жөнінде және ақиқаттан ақиқат емеске тайқып кету мүмкіндігі бар басқа  нәрселер силлогизм және дедукция жолымен ойлау және пайымдау арқылы түсініледі.

Логика заңдарына жүгінген барлық жағдайларда анық ақиқатты іздеген адам басқа емес, дәл осы нәрселерге мұқтаж болады [яғни, тумыстан біткен емес, пайымдауға жүгінген нәрселер, яғни ақыл әрекетіне –А.Қ. ].

Бұл өнер грамматика өнеріне ұқсас: логика өнерінің ақыл және ақылмен пайымдауларға қатынасы грамматика өнерінің тіл мен сөздерге қатынасындай.

Грамматика ғылымы бізге сөздер туралы барлық заңдарды ұсынса, логика ғылымы ақылмен танылатын нысаналар туралы дәл сондай үлгіні, яғни [заңдарды] ұсынады.

    Сондай- ақ [логика] просодия /24/  [ғылымына] жақын: логика ғылымының ақылмен пайымдалатын нысаналарға қатысы просодияның өлең өлшемдеріне қатынасындай.

Просодия ғылымы бізге өлең өлшемдері туралы барлық заңдарды ұсынса, логика ғылымы ақылмен танылатын нысаналар туралы дәл сондай үлгіні яғни заңдарды ұсынады. (29- бет).

Логика ғылымының пайдасы: Жалпы алғанда, бұл – логиканың  мақсаты. Өз бойымыздағыны мақұлдағымыз келетін және басқалар жөнінде көзімізді жеткізгіміз келетін, сондай – ақ бұл жөнінде басқалар көздерін жеткізгісі келетін жайлардың бәрінде бұл ғылымның бағасының зор екендігі оның осы мақсатынан анық көрінеді.

Сонда біз не нәрсені зерттесек те, ақиқатты табатынымызға, қателеспейтінімізге кәміл сенеміз. Егер біз қандай да бір басқа нәрсені байқап қалып, оны зерттесек  және сол жөнінде өзіміз қате жібергендей болып көрінсек,  онда біз оны дер кезінде тексереміз де, қатемізді сезсек, сол қате жіберген жерімізді ол – оңай дұрыстаймыз.

Логиканы білмеудің зияны және оны білудің пайдасы осында. Кімде — кім өз сенімі мен пікірлерінде тек болжамдармен, яғни өз өзіне сенбейтін адамдардың нанымдарымен шектелгісі келмесе, оған сол болжамдардан соның қарама қарсы жақтарына ауысу қажет. Ал кімде — кім өз көзқарасында осындай болжамдармен шектеліп және солармен қанағаттанса, оларға бұлай істеу қажет емес.

Ал енді пайымдаулар мен дидактикалық  айтыстарға ысылу немесе математика саласында, мысалы, геометрия мен арифметикада  жаттығу логика заңдарын [үйренуден]  босатады немесе оның орнын басып, оның қызметін атқарады дейтіндер немесе [ондай дағдылар] адамға әрбір сөзді, әрбір дәлелді, әрбір көзқарасты тексеруге мүмкіндік беріп, адамды барлық ғылымдар бойынша мүлдем қате жібергізбей,  ақиқатқа, ақиқат танымға әкеледі дейтіндерге келсек, олар өлеңдер мен сөздерді жаттап алуға дағдылану және жаттығу, сондай-ақ, оларды  үсті – үстіне қайталап айту тілді жетілдіру міндетінен құтқарады және адамға грамматика заңдарын білуді міндеттемейді, [ол жаттығу мен дағдылар] сол заңдардың орнын басып, [грамматиканың] және адамға әрбір сөздің дұрыс немесе бұрыс айтылғанын тексеретін мүмкіндік береді дейтіндер сияқты. Бұл арада адам грамматиканы ұстану. (23- бет)

қажет болса, жоғарыдағы жағдайда логиканы жетік меңгеруі тиіс.

Логика қажеті жоқ артық нәрсе, өйткені қайсібір уақытта логика заңдарынан ешнәрсе білмей – ақ ақиқаттан ешқашан жаңылмайтын  ақылға жетік адам болған дейтіндер де нақ осылар сияқты. Сондай – ақ, логика  [қажетсіз] артық нәрсе, себебі адамдар арасында грамматика заңдарынан ешнәрсе білмей – ақ ешқашан қателеспейтіндер де болған дейтіндер де соларға ұқсайды – шынында осы айтылғанның екеуіне де берілетін жауап – бір жауап.

Логика ғылымының зерттеу пәні: Логиканың зерттеу пәніне  [ал бұл өзі заңдар шығарып беруші пәні] келсек, бұл – ақылмен пайымдалатын объектілер, өйткені сөздер осыларды көрсетіп тұр және сөздердің өзі, өйткені олар ақылмен пайымдалатын объектілерді меңзеп тұр. Біз өзіміз үшін белгілі бір пікірді растағымыз келсе, онда сол пікірді растау қызметін өзіне алған ақылмен пайымдалатын объектілер арқылы ойланып, пайымдамалар жасаймыз, ал оны [пікірді] басқалар үшін растағымыз келсе, онда сол пікірді растау (34 -бет)

қызметін өзіне алған ақылмен пайымдалатын объектілер арқылы басқаларға түсіндіріп, сол түсінікті сөздермен ой – пікір алысамыз.

Логика жоғарыда  жалпы заңдарға байланысты айтылған заңдарды береді. Логика сөздер үшін заңдар жасап беретіндігі жағынан грамматикамен ұқсас болып келеді, дегенмен одан ерекшелігі де бар, себебі грамматика қайсібір халықтың ғана тіліндегі сөздерге заңдар жасаса, логика барлық халықтардың сөздеріне жарайтын ережелер береді. Сөздерде барлық халыққа тән ортақ белгілер болады: мысалы, (35 –бет)

сөздердің жеке және құралмалы түрлері сияқты, [солардың ішінде] жеке сөздер – есім, етістік, шылаулар, ал құрамалы сөздер – өлең болып құралған сөздер және еркін сөздер, тағы сол сияқтылар.

Оның (логика) атауына келетін болсақ, оның [логика ілімінің] барлық мақсатын көрсетіп тұрғаны анық: және бұл оның «айтылған сөз» сөзінен шығып тұрғандығымен байланысты  /27/. Қадым замандағылар арасында бұл сөз үш мағынада айтылатын:

біріншісі – дауыс арқылы сыртқа шығарылған соң, яғни жасырын ойдың тілдегі тіркесі арқылы беріледі.

екіншісі – көңілде тұрақтанған сөз, яғни сөздер көрсетіп отырған ақылмен танылатындар;

үшіншісі – адамға жаратылысынан біткен рухани күш, ол адамды басқа тірі жәндіктерден аса ерекшелендіріп тұрады және адамға ақылмен танылатындарды, ғылымдар мен өнерлерді меңгертеді.

     Логика ғылымының бөлімдері (38-бет)

    Логика бөлімдеріне келетін болсақ, олар сегіз:

Силлогизм түрлері, сөйлемдегі көзқарастың немесе сұрақтың дұрыстығын тексеруге қатысты силлогизм түрлері:

Дәлелдемелік /28 –бет/ – бұлар біздің білгіміз келіп отырған нәрсеміз жөнінде анық білім беру үшін айтылатын пайымдамалар.

Диалектикалық пайымдаулар.

Софистік пайымдаулар /30/; адамды адастыру, жолдан тайдыру, алдап кету…

Риторикалық пайымдаулар  /31/

Поэтикалық пайымдаулар /32/

                                                                «Таңдамалы трактаттар»

                                                                      «Арыс» баспасы -2009, Сурет: https://baq.kz/