Тау-кен өндірру өнеркәсібін дамыту:Өскеменде ғылыми-технологтялық сессия өтті

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуы» тақырыбында екі күндік ғылыми-технологиялық сессия өтті. Бұл шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан мен шетелден 54 жетекші ғалым, сондай-ақ «Казцинк» ЖШС компаниясының 12 сарапшысы қатысты. Шараны ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов ашты. Өз сөзінде ол ғылыми-техникалық сессияның маңыздылығын атап өтіп, оның болашақта тау-кен өнеркәсібіндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдерге ықпал ететінін мәлімдеді.
Ғылыми-техникалық сессияның алғашқы күні пленарлық мәжіліс өткізілді, онда қатысушылар ғылым мен өндірістің қазіргі жағдайы және оның болашағы туралы пікір алмасты. Сессия барысында Қазақстанның тау-кен өндірісіндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдер талқыланды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жадыра Конурбаева университеттің ғылыми зерттеу орталықтары мен «Казцинк» ЖШС компаниясы арасында тығыз ынтымақтастық орнатылғанын, сондай-ақ көпшілікке пайдалы ғылыми жобалардың әзірленіп жатқанын ерекше атап өтті. Ол «Industrial AI» құзырет орталығының маңыздылығын айтып, орталықтың Шығыс
Қазақстанның тау-кен өндірісіндегі ғылыми және техникалық шешімдерді әзірлеуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Сонымен қатар университет пен «Казцинк» компаниясының ғылыми жобаларды коммерцияландыру және жаңа технологияларды өндіріске енгізу бойынша бірлескен жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанына тоқталды.
Екінші күні қатысушылар ғылыми жобалардың прототиптерін әзірлеуге және «Казцинк» ЖШС үшін басым ғылыми жобаларды іріктеуге ерекше назар аударды.
Бұл ғылыми-технологиялық сессия Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде инновациялық шешімдер әзірлеуге және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға елеулі үлес қосты. Іс-шараның нәтижесінде Қазақстанның тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуының жаңа мүмкіндіктері мен бағыттары айқындалды.
Қызмет бағыты
Ғылым