«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Оқу-ағарту министрі Германия елшісімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесу өткізді.

Іскерлік кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, өндірістік кәсіпорындарда студенттер мен педагогтер үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ неміс тілі пәні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, инклюзивті білім беру саласында одан әрі ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері қаралды.

Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтынан

Сәйкес жаңалықтар

13 жасар семейлік шахматшы оқушыларарасында Азия чемпионы атанды

«Балаға білім беруден жалықпайтын ұстаз мен боламын!»   

farabi shakirti shakirti

Әлемнің ең үздік университетінің толық грант иегері

farabi shakirti shakirti