Тіл мәртебесі – Ел мәртебесі

Еліміз халқы алдағы наурыз айының 15 — күні ерекше күн. Жаңа Конституцияға байланысты Республикалық референдум өтеді. Еліміздің жасы 18-ге толған әр азаматы референдумға қатысады. Оқушы болсам да бабам сөйлеген тілге бей-жай қарай алмаймын. Көпшіліктің кең талқылауынан кейін Қазақстан Конституциясы жобасының тіл туралы бабына өзгеріс енеді. Енді орыс тілінің мәртебесі қазақ тілімен «тең» деген сөз «қатар» сөзімен алмастырылады.
ҚР 1995 жылғы Конституциясының 7 — бөлімінің 1 – тармағында, қазіргі жаңа Конституцияның 9 — бөлімінің 1 — тармағында: «Мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп нақты жазылған. Осыған қарай, еліміздің тек бір ғана ана тілі мен мемлекеттік тілі бар. Ол мәңгі қазақ тілі болмақ.
Қазіргі таңда күн санап еліміздің азаматтары өз ана тілінде сөйлеуге, оны құрметтеуге тіпті өз ана тілдері ретінде мойындауға қарсы. Бұл мәселені шұғыл түрде қолға алмасақ, түптің – түбінде тілімізден қатар, еліміз де жойылып, басқа елдің боданы болып қалуымыз әбден мүмкін. Еліміздің саяси және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай айтқандай: «Балаға қай тілде білім берсең түбі сол ұлтқа қызмет етеді».
Ұлтқа қызмет ету – бүгін әрбір жастың болашақтағы арманы. Ана тіліміздің кең қанат жайып, құлашын кеңге сермеуіне әр отбасы жауапты. Отбасында ата-ана баласымен қазақша сөйлессе, арман-мақсаттарын ана тілінде айтса, қандай ғанибет! Рухани қазынамыз кітапты көп оқуға мүмкіндік берілсе деймін. Қоғамда жастарды «Ана тілінде сөйлемейді» деп кінәлайды. Отбасында сөйлесе, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, ана тілімізде тәлім алға жас өрен туған тіліне қашанда құрметпен қарайды. Жаңа Конституция жобасы Республикалық референдумда қабылданғанда, Ана тіліміздің мәртебесі биіктей түсетініне сенемін!
Бұл мәселеге еліміздің әрбір азаматы бейжай қарамауы қажет. Себебі бұл бір адамның ғана емес, бүкіл бір елдің мәселесі. Сонымен қатар Қазақстанда тұратын әрбір азамат қазақ елін, қазақ тілін және елдің ділін сақтап, құрметтеуге міндетті.
«Еліміздің тіл мәртебесі – ел мәртебесі» деген қағиданы жадына берік ұстанады деп білемін. Қасиетті тілімізді өзіміз құрметтеп, қастерлесек, Қазақстанда тұратын этнос өкілдері, дәл солай сыйлайды. Қазақ тілін үйреніп, сөйлеуге тырысады.
Еліміздің тек бір ғана мемлекеттік тілі бар, ол — қазақ тілі. Оны мойындау, оны құрметтеу және өмір бақи сүйе білу керек.
ҚҰРМАШ Жайна,
Алматы қаласы, Медеу ауданы,
172 мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Сурет:https://egemen.kz/media/2024





