Туған өлке

«Тау дейтін алып жүрген Ана туған

Мен таулықпын!

Тауда мен жаратылғам      

Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,

Қуат алып қыранның қанатынан» – деп Мұқағали атамыз жырламақшы, мен тау баурайында орналасқан Алматы облысын, Кеген ауданы, Кеген аулының тумасымын. Біздің өңірдің табиғаты тамаша! Туған жеріміздің  табиғатына, мөлдір суына, асқар биік тауларына тамсанып көз тоймайды. Таңбалтастай тауларымыз, жасыл бақтай жайнаған жайлауымыз, таңқалдыра алатын Шарындай шатқалымыз, суреттей салынған Көлсайымыз бар. Ал ауа-райы қатаң болмысты адамдай, сан құбылатын салқындау келеді. Кеген білген адамға киелі, қасиетті, жаңға жайлы, шипасымен, кең пейілді халқымен, тазалық пен шындықтан жаралған ел.

Менің өлкемнің өзіндік ерекшеліктері бар: салт-дәстүріміз сол қалпында сақталған, қазақтың ұлттық ойындары мен құндылықтары сақталған ел. Барлық тіршілік біздің ауданда қызу қанды жүреді. Ауданымызда туристік аймақтар Шарын шатқалы мен Көлсай көлдері бар. Тіпті шет елден біздің табиғатымызға тамсанып келетін қонақтар саны өте көп. Біздің өңірімізден Мұқағали Мақатаев атамыз, Саты ауылынан Кеңес Нүрпейісұлы, Рамазан Стамғазиев. Кеген ауылының өзінен Жігер Ауыпбаевтай талайды тәнті қылған әнші, жазушы Мұқатай Жалқайдаров секілді көптеген танымал тұлғалар шыққан киелі мекен.

Мен қортындылай келе, ауданымыздың тарихи ағаш тамырының тереңде екенін және оның өзіндік жемісін беріп жатқанын жетгізгім келеді. Мен өз өлкемді мақтан етемін!

 

 ЗБАЙРОВА Аяулым,

 Кеңес Нұрпейсұлы атындағы мектеп-

                                                                     лицейінің 9 «А» сынып оқушысы.

                                                                         Алматы облысы, Кеген ауданы