Уақыттың қадірін білсек қой
Уақыт ширегінде — өзіміз білетіндей бір тәулікте 24 сағат уақыт бар. Қазіргі қыс мезгілінде таң кеш атып, ерте батады. Күннің ұзақтығы тым қысқа. Мүмкін күннің тез өтуі тек мезгілге ғана байланысты емес — ау деймін кейде… Әлем бойынша уақытқа байланысты зерттеу – пікірлерді іздеп, оқып шықтым. Тәуліктік уақыттың қысқаруы туралы дәлелдер аз емес екен. Соңғы уақытта әлемдік ғалымдарды тәуліктік уақыттың қысқауы қатты толғандырып келеді екен. Рас, қазірде уақыт бұрынғыдай емес, өте тез өтеді. Осы мәселеде АҚШ ғалымдары да Жердің күнді айналуын зерттей отырып, 24 сағат уақыттың қазірде 17 сағатқа қысқарғанын есептеді. Бұл дегеніміз — адамдардың күдігі расталды деген сөз…
Негізі мен әжеммен жиі әңгіме дүкен құрып, әлемдегі жаңалықтар, экология мәселесі, бала кезде естіген ертегілер жөнінде көп сөйлесемін. Әжем де өзінің бала кезде ата-анасынан, үлкендерден естіген болжамдарымен бөліседі. Олар да кезінде осы уақыттың тез өтуі жайында көп сөз қозғапты. Бұрындары кешті батыра алмайтын едік, қазір тіпті күннің қалай өткенін аңғармайтында болдық деп, кейде күрсіне жиі айтады… Тағы бір сөзінде «Расында, қазір өмір қарбалас. Жетпейтін уақыт пен бітпейтін іс. Адамдардың пейілі мен көңілі өзгерген — ау шамасы. Бұрынғыдай емес тіпті, ағайын мен туыстың арасы да алшақтап бара жатқанын еске салады. Адамның жүрегін дүниеқұмарлық, қызғаныш, ыза мен ашу жайлаған заман осы болды ау»-дейді.
Мүмкін әжемнің бұл сөзін мен де растаймын. Себебі, жан жағымыздағы күнделікті жағдайларды көзіміз көріп, құлағымыз естіп келеді. Адамдар арасындағы агрессия, мейірімнің аздығы мен жақын жандардың бірін – бірі көре алмаушылығы, бір-біріне сатқындық жасауы, қарапайым өмірде де жақсы іс жасауға асықпауы, бауырлар арасындағы араздық көз алдымыздан өтіп жатыр. Бірақ осындай қысқа өмірде болмашы дүниелерге алтын уақытымызды құртқан қаншалықты дұрыс?
Ғалымдардың есептегеніндей, уақыт шынында көз ілестірмейді. Тіпті кейде уақыттың осынша жылдам өтіп, өзімнің де осынша есейіп кеткеніме сенгім де келмейді. Мүмкін өзгелеріңізде де осындай шығар кім білсін. Сондықтан әрбір атқан таңды, жанымыздағы жақын жандарды қадірлей білейік. Ата-анамызды, бауырларымызды олармен өткен әрбір сәтті. Мына өмірде бізге сол кісілердей жақын болатын жандар жоқ қой расында… Қамшының сабындай мына қысқа өмірде неге жақсы адам болмасқа, бойымызды, жүректі кіршіксіз таза мейірімге толтырмасқа… Тіпті кейде болашақты тым көп ойлап, қазіргі сәттерді ұмытып кетіп жатамыз. Бірақ, қазіргі сәтпен өмір сүру дұрыс шешім. Өзіңіз ойлаңызшы күнді жоспарлап, барынша пайдалы, қызықты бастысы мейірім мен махаббатқа толы өткізу.
Жоспар сенің шынында уақытты тиімді пайдануыңа көмектеседі. Ал өзгелерге жылы сөз айту, мектепте ұстазыңды қуантып кету, анаңның әр күн сайын бетінен сүйіп, мектепке шығу сияқты мейірім қасында жадыңнан шықпай тұратын болсын, оқырман! Осының бәрі адамның жақсы бейнесін көрсетеді. Бастысы өзімізді барынша рухани жағынан дамытып, жоғарыдағы әжем айтқан қасиеттерден бойымызды алшақ ұстасақ, жеке тұлға болып қалыптасуымызға сол да жеткілікті.
Уақытты бағалау деген, мүмкін құлаққа жай ғана сөз болып естілетін шығар… Бірақ ең маңызды дүние. Ертең есейген шағыңда артыңдағы өмір жолыңды еске түсіріп, зымыраған уақытта не бітірдім, қандай жетістікке жеттім деп ойланғаныңда ауыз толтырып айтатындай жетістікке жеткенің өзің үшін де мақтаныш емес пе? Біздің өмірімізде уақытымыз еш кетпеуі тиіс. Уақыттың ағынымен ілесіп, жетістікке жеткіміз келсе, міне уақыттың қадірін біліп, текке өткізбей, бағалай білейік дегім келеді.
Нұрай САЙФУЛЛА,
Қызылорда қаласы Жалағаш ауданы
201мектеп-лицейдің түлегі