«Farabi Shakirti» желілік басылымының журналының жас тілшісі атандым.

Болашақ әмбебап саланың  иесі ретінде мен өзімді үнемі ізденісте жүруім керек деп есептеймін. Әрине, журналистика — шығармашыл, ізденіске бейім жандардың мекені. Арнайы маман ретінде мақалаларға тақырыпты іздеу, тек газеттерден бөлек жаңа сайттар мен журналдарды қарастыру, қоғамдағы тың ақпарттардан хабардар болу, қызық мәліметтерді оқырмандарға жеткізу – күнделікті кезек күттірмейтін шаруалар. Өзім осы саланы таңдағаннан кейін, биылғы жылдан бастап мақалалар жазуды бастаған едім. Алғашқы мақалаларым өз қаламдағы жергілікті баспасөзге, одан кейін балаларға арналған «Ұлан» газетіне жариялана бастады.

Көктем айларында Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған www.farabishakirti.kz – желілік басылым сайтпен таныстым. Мұнда да біршама ауқымды тақырыптарды жазып, барынша жаңашыл болуға тырыстым. Болашақта үш тілді мақалаларды жазу да ойымда бар. Бұл журнал  қазіргі таңда электронды түрде жұмыс жасап жатыр. Бірақ қазіргі заманның талабы да осы ғой. Қаншама телеарналар да, газеттер де қазір сайт пен әлеуметтік желімен жұмыс жасауға көшкен. Ең жақсысы уақытыңды да үнемдейді, арақашықтықтан  жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өзіңнің жеке бейіміңді де қалыптастыра аласың. Сол үшін сайтпенде жұмыс жасау арқылы тағы бір сатыға көтерілдім депбілемін.

Ынтамды бағалай білген республикалық сайттың шығармашылық қжымына көп рахмет. Әр мақалаға, әр авторға бас көз болып, шығармашылыққа жақын жандардың қабілеті тыс қалмауына атсалысып жатыр. Кейде балалар өз  қабілеттерін шыңдайтын, көрсететін, оған түсіністікпен  қарайтын ортаны таппай жатады. Ал  мұндай мүмкіндіктер айналамызда көп-ақ. Тек ізденіс пен  еңбек керек деп ойлаймын. Өз қабілетіңді шыңдап, жаңа баспалдақтарды аттасаң өмірдің де саған беретін мүмкіндіктері көбейеді.

Сол үшін өзіңді өмір бойы дамытуың жаңа қырыңнан қалыптастыруың өте маңызды дүние оқырман. Міне, дәл осы сөзіме сай Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» — деген даналығынан ғибрат алып  келемін. Әр еңбектің, түбінде бертін жемісі болады. Алдыңа мақсат қойып, соған жету үшін жұмыс жасасақ кейін біліміміз бізге қызмет ететіні сөзсіз! Ал қазір біздегі мақсат өз қалаған мамандығымыздың иесі болу, мемлекеттік грантты жеңіп алу. Елімізге ата-анамызға қызмет ету. Сол үшін осы жылғы әрбір түлекке, әрбір оқырманға сәттілік тілеймін. Үлкен өмірге жасаған қаамдарымыз, салынатын жолымыз сәтті болсын дегім келеді.

                                                                                                САЙФУЛЛА Нұрай,

                                      Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы,

        Әл-Фараби атындағы №201

мектеп-лицейінің

түлегі

  

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *