Биыл мектеп бітіргендеріне қырық болған түлектер жан-жақтан жиналды. Өткен дәуірде түлеп ұшып, жаңа ғасырдың куәсі болған жандардың айтар әңгімесі аз емес-ау! Аудан орталығы — Ұзынағаштағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті 1973-1983 жылдары бітірген сыныптастардың кейбірі 40 жылдан соң, бір-бірімен алғаш рет кездесті.

— Мен  қаншама адамдармен сөйлескенімде, дәл біздей жетекшісі көп ауысқан сынып туралы естімеппін.

—Айтпа, деймін. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, ұмытпасақ Х. Алпеисова апай оқытты.

—Қатал апай еді. Сабақ оқымадың деп ұрысса, жылап қалатынмын (Жиналғандар ду кұліп алды).

—Қане, бірлесіп апайларымыздың есімін атайық, ұмытып қалмадық па екен?

—Жаңа оқу жылында екінші сыныпқа келгенде, қазіргі пайыммен айтсам, жас мұғалима Сара  апай оқытты. Қателсепей айттым ба?

—Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген Қаншайым Закенайқызы, Азиза Аманқосқызы жарты жылдан жетекші болды емес пе?

—5-6 сыныпта Сауле Таңатарова апай келді ғой.

—Сегізінші сыныпты бітірген соң, Биташева Гүлжау Махимқызы екі жыл жетекшілік етіп, мектепті бітірдік қой.

—Жігіттер, қыздар! Сынып жетекшілерімізді түгендеп алдық.

—Осы тұста мен қызық мәлімет айтайын, — деп әңгімеге Талдыгүл Кауменова қосылды. — Мен сыныптағы оқушылардың тізімін жасадым. Бір қызығы, оқушы санынан да мектеп бойынша біздің сыныпта ең көп бала оқыпты. Бірінші сыныптан бастап, ата-анасының басқа жаққа көшіп кеткені бар, келгені бар, екінші сыныпқа қалғаны бар 70 — ке жуық бала оқыппыз.

—Талдыгүл, несін айтасың? Сол балалардың біразы арамыздан кетіп, мәңгілік дүниенің қойнауында жатыр. Арамызда жүрсе, бүгін кездесер едік…- деп Болат Сейдуалиев, сыныптастарды үнсіз еске алуды ұсынды.

                                                                       Сыныптастағы»Қамқоршылық» ұйымының мүшелері

Қарымбаев Манат, Адилов Талғат, Дүйсебаев Мельс, Шалғынбаев Ермек, Жанғабылов Ермек, Малдыбаев Мұратхан, Бедалов Сергейдің бала кездегі жақсы қылықтары айтылып, марқұм болған сыныптастарының есейген кездегі адами қасиеттеріне тоқталды.

—Есімі аталған сыныптастарымыздың жақсы істерін көбірек айтайық, сауабы тисін, -деген сыныптастар бақилық ер-азаматтардың білген игі істерін айтып шықты.

Ал,  ара-тұра асабалық ететіні бар Шаугынбаев Қайрат сыныптастарына жүрекжарды тілегін өлеңмен өрнектепті.

Таусылмасын жыр, тілектер де

Кездескенде, жүздескенде,

Бірін — бірі іздескендер.

Күлімдей гүл беріп өзіңе,

Білінбеген сезіммен тілдескенде.

Бірі сұрап, бірін біліскенде,

Сыйласып сіз бен біз дескенге.

Кездесіп сөйлескенде,

Ойын арзан, күлкі қымбат,

Сөз қадірін білгенге.

Сыныптасым,  сырласым,

Достықты мәңгі жырласын!

Жүректерде сезім тулап,

Үміт  оты лауласын!.

Балалық шақ әсерлері,

Жыр бесіктей тербелген.

Құйылып сыр, төгіліп жыр,

Ағылсын көңіл пернесінен.

Кездесуде, жүздесуде,

Сезім де үнсіз сөйлесуде.

Естеліктер таусылмайды,

Күй болып шертілгенде,

Қимас көңіл сезімде.

Айта алмаған сырлар болса,

Қалмасын жүректерде,

Таусылмасын жыр, тілектер де.

Қайрат Шаугынбаев

Сыныптастардың барлығы да қадірлі ата-ана, ардақты ата-әже болған. Көпбалалы ата-ана аттанғандары да бар. Шұрқыраса бір-бірімен амандасқан азаматтар бір сәт әрқайсысының отбасында өткен жақсы істері, ұл-қызының отау құрып, немеренің мектеп бітіргені сөз етті. Жақындарынан айрылғандарына төс қағыстырып, көңіл айтылды. Сынып оқушыларының қатарға қосылып, әр салада жемісті еңбек етіп жатқанлы айтылды. Өнегелі істерін ұл-қыздарына мұра етіп, енді немерелерінің өмірден өз орнын адаспай табуларына атсалысқан кешегі оқушылар, бүгінгі «Жаңа Қазақстанның» өркендеуі үшін тынбай еңбек етіп келе жатқан білікті мамандар.

—Сыныптастар! Бізге дәріс берген ұстаздардан Майра Жамашқызы, Азиза Аманқосқызы, Қаншайым Закенейқызына шексіз алғыс айтамыз. Ұстаздарымыздың жасына байланысты оларды күннің ыстық аптабында мазасын алғымыз келмеді. Әр ұстазға шексіз ризашылық білдіреміз. Аман жүрсін, ұзақ жасасын!- деген ниеттерін айтты. Арамызда бар, фәни дүниеден өтіп кеткен  басқа да ағайлар мен апайларымыздың иманы жолдас, жаны жаннатта болсын деп дұға бағыштаймыз, — деп еске алды.

Бұл сыныпта 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Самбетбаева Бануға ерекше тоқталды. ІІ – топтағы мүгедектік алған ол осы уақытқа дейін Банудың жеке басының жағдайынан бейхабар болған сыныптастар оның денсаулығының нашарлап, ескерусіз қалғанын естиді. Сыныптастар ақылдасып, бес адамнан «Қамқоршылық» ұйымын құрды. Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінде ұзақ жылдар қызмет атқарып, бүгінгі зейнеткер Сейдуалиев Болат, Ұзынағаш ауылдық әкімшілігінің қызметкері — Сіргебаева Гүлбақыт,  жеке кәсіпкер -Жақаева Бақытгүл, ардақты ана Жарқынбаева Роза, Алматыдағы ірі құрылыс мекемесінің қызметкері – Кауменова Талдыгүлдің қолға алған ісі нәтиже берсін деген тілек айтылды. Б.Самбетбаева денсаулығына байланысты ешқайда шыға алмағандықтан, оның желтоқсан оқиғасына қатысушы екені ұмытылып кеткен.  Ұйым мүшелерінің тікелей араласуымен Банудың желтоқсан оқиғасына қатысушы мәртебесі 2022 жылы өзіне қайтарылып, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімшілігіне тіркелді. Б.Самбетбаева алқалы жиынға арнайы шақырылды. Алдағы уақытта ұйым сыныптастың тұрғын үй мәселесін шешуді бірлесіп қолға алды.

Бүгінде ауданның әр ауылында тұратын, тұрмысқа шығып, басқа ауылдарды мекен еткен, қызмет бабымен ауысқан сыныптастардың еңбектегі, отбасылық жетістіктерін айта берсек, таусылмайтыны рас. Әрқайсысы тәлімді істерімен танылып келе жатқан өз ісінің білікті мамандары. Соған қарамастан, абзал достардың барлығы кездесуге келе алмады. Жиналған көпшілік ең алдымен өздері білім алған мектепке келді.

Кездесуге дейін   марқұм болған сыныптастарға арнап, Құран хатым түсірлген. Қабыл болсын. Осылайша, сыныптастар 40 жыл ішінде әрқайсысы өз мамандығы, кәсібі деңгейінде шыққан биігінен көріне білген жандар оқушы шағы, жастық кезі және отбасылық өмірі туралы ой бөлісті. Айтқандарынан айтары көп. Ендігі арман-мақсаттары – адал еңбегін жалғастырушы ұл-қыздарының амандығын тілеп, немерелерін ел қатарлы өсіріп, тәрбиелеу.  Ойын-күлкі, қалжың, оқушылық өмірдің естеліктері қағаз парақтарына түспегенімен, әр сыныптастың жүрегінен өшпейтіні анық. Келесі бесжжылдықта кездескенше, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп, бүгінгідей түгел болып келу нәсіп болсын деген шынайы тілектерін бір-біріне арнады.

Ж.Кучукова,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *