Қуанайық!
Қуанайық, көктем келді алақай!
Қане, оян асыр салғын балақай.
Бүршік атып, ағаштар әр күн сайын,
Гүлге толып, көркейді далам.
Күн жылына күл ісірей көрінді,
Көк аспаннан шуақ нұры төгілді,
Тіршілікке қуат көзі таралып,
Шаруалар отырғызды өнімді.
Хайуанаттар ұйқысынан оянды,
Әппақ әлем жасыл түске боялды.
Ал құстарым мейірімге бөленіп,
Бұрынғы шам екеніне оралды.
Асыл әжем еркелетіп, құрт берді,
Атам болса, қойды өріске ерттеді.
Асқар әкем тілегімді орындап,
Анам менің бейнеледі көктемді.
Әй балақай, қане тұр ма ән салғын.
Мәз мейрам боп, шыр айналып шаттанғын.
Айналаға ақалғысты білдіріп,
Ертегілер әлеміне аттанғын.
Қарап құры тұрма досым жай,
Уақыт келді қосыл бізге тосылмай.
Табиғатты әсем күйге баураған,
Бұл көктемнің кереметі осындай!
Дильназ МУХАММЕДОВА,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
Азат орта мектебінің 11 — сынып оқушысы