Мухаметалиқызы Айым – Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 «Ә» сынып оқушысы. Жасы 12-де. Оқу үздігі. Бос уақытында дзюдоға барады.

Исатай Исабаев атындағы өнер мектебіне сурет және би үйірмелеріне қатысады. Қазіргі таңда кадет сыныбының оқушысы. Болашақта әскери қызметкер болуды армандайды.

 

2019 жылы Республикалық «Талантым — жастарым» би жарысы байқауынан бас жүлдежәне2020 жылы Республикалық «Тәуелсіздік-тұғырым» би байқауынан бас жүлде иегері атанды.

2019 жылы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде 2-12 сынып оқушылары арасында үштілділік (қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен әдебиеті) бойынша “Tilmash-Balalar” Ұлттық зияткерлік марафонында ІІ орын иеленді.

2020-2021 оқу жылында аудандық «Менің Отаным – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауында «Жаңғырту полюсі» бағыты бойынша жүлделі І орын алды.

2020-2021 оқу жылында «Менің Отаным – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауына қатысып, «Жаңғырту полюсі» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орыннан көрінді.

2021-2022 оқу жылында «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің облыстық байқауына қатысып, «Менің Отаным — Қазақстан» номинациясы бойынша ІІ орын иегері.

Аудан бойынша өткізіліп жүрген дзюдо күресінен 40 келі салмақ дәрежесінде жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегері. Облыстық жарыстарға қатысып, тәжірибе жинауда.

 

Сынып жетекшісі — Г.Ж.Кулынбаева

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *