Жамбылдың дара бейнесі

Алып бейне, ғаламатқа от болған,
Алаулаған,тасып, бірде шоқ болған.
Жамбыл — жыршы,жырлап өткен даланы,
Жүректегі жылы сәттен,құт болған.
Ақыл — ойдың ажарысың,тым бөлек,
Қазағымның ғажабысың,бір ерек.
Нұрың көкке шуақ болып таралар,
Қазағыма сен жырлаған жыр керек.
Әр сөзіңнен рухтың әнін сеземін,
Сен деп қана,бақ әлемін кеземін.
Жарықсың сен,түнектерде жол тапқан,
Ұрандайсың: «Елім үшін төземін!»
Жамбыл — жұлдыз, елімізге тіл біткен,
Жамбыл барда ,мына әлем жыр — көктем.
Сын сағатта, жарып шыққан жүрегің,
Рухты еді,рухты еді тым неткен!

 

ТЫНЫБЕК Махаббат,
Түркістан облысы,
Түлкібас ауданы, «Дарын» мектебінің
11 «А» сынып оқушысы