Шындық пен қайсарлық, адамгершілік пен махаббатты ту етіп, ақ қағаз бен қара сияны серік қыла қазақ өнеріне өлеңімен өшпес мұра боларлық із қалдырған ақын қыз, Фариза! Қазақ жаны мен жадында ақын қыз қайсарлығы мен өмірге деген ыстық махаббатымен қалады. Фаризаның қазақтай елдің маңдайына біткен бақ деп мақтап емес, мақтану керек нар тұлғалардың асыл сынығы. Өлеңді өзіне саялайтын сая, паналайтын пана еткен ақынның өлеңді өміріне ұштастыра жалғай біліп, жанына жайлылық болар жылулықты таба білген. Өлеңдерінен қайтпас қайратты Фаризаның да сынаққа сыналатынын, ақ көңілдің де кірбің шалып, көңілді күйдің де кей — кейде көңілсіздікке душар болатынын көреміз.
Дегенмен өмірін өлеңмен өрген ақын қыздың көңілі саябырсып, сергелдең көңілі серпініс алар сәті өлеңінде, шығармашылығында шуақ барын білеміз. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» — деп, өзінің қысқа ғана ғұмырында өз өмірін жырлап кеткен ақиық ақынның көп ішінен «қарындас» деп таңдап алып, қазақтан тапқан досы болған Фариза қыз ағасының қамшының сабындай қысқа, өлшемді өміріндегі ішкі толғанысын тарих етіп бүгінгі бізге тарту қыла табыстап, өлең етіп өміршең қалыптағы құны өлшеусіз сый етті.

ТӘЖІБАЕВА Гүлсәнім,
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Алдашбай ахун ауылы №111 орта мектептің
9 — сынып оқушысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *