Елімізде өркениетті елдер қатарына қосылуға байланысты жүргізілетін аса күрделі жіне сан салалы жұмысты басқаратын жүйе – елдің саяси билігі. Саяси биліктегі шешуші тұлға – Президент  Тоқаев  Қасым – Жомарт Кемелұлы. Сондықтан Қазақстан үшін Президент қызметінің тағдырлық маңызы күшті.

  Қазақстан – бейбітсүйгіш ел, басқа елдермен ашық, әрі өзара тиімді саяси, экономикалық  қатынастарға дайын, өз елінде ұлтаралық келісім мен ішкі ұлттық бірлігін сақтай білетін, демократиялық даму жолының туын берік ұстаған, әлем қорындағы парасат пен құндылықтарды жоғары бағалап қана қоймай, оларды дамыта білетін ел. Осы бағыттағы ерен еңбектің иесі, бастамашысы – Елбасымыз. Ол егемен қазақ елінің сыртқы саясатының негізін қалаушы, архитекторы болды десем артық айтқаным емес.

    Қазақстан – жарқын болашаққа ие елдердің бірден бірі. Ал мұндай нәтижеге итермелеуші – жастар деп білемін. Қазақстан қазіргі таңда алдыңғы дамыған отыз ел қатарына кіре алататын дәрежеге жетіп, елдің қарқынды дамуға мүмкіндіктері аса түсті. Ең алдымен, әрине, білім саласы. Қазақстан болашағы білімді жастармен тығыз байланысты. Бұл салада еліміздің дамуы үшін менің қосар идеяларым: халықаралық деңгейлерде ғылыми жоба, пән аралық және технология саласындағы сайыс пен олимпиадалар санын көбейте отырып, оқушылар мен студенттерді ынталандыру. Елі мен өз болашақтары үшін маңыздылығын түсіндіру.

   Мен үшін бұл салада басты рөл ойнайтын – мектеп. Мектептерді біртіндеп Назарбаев интеллектуалды мектептері сынды зерттеу және инновациялық үлгіде дамыта түсу. Ауылдық орындарда білікті мамандардың саның көбейте отырып, оқушылардың білім саласына көз қарасын оң жаққа бұру. Жоғарыда айтылған талаптар мен қабілеттерге сай өскен жасөспірімдерден уақыт өте келе мақтануға тұрарлықтай, бойлары біліктілікке толы беделді мамандар шығады. Ал мұндай ғалымдарға тең жандардың шәкірттері қандай болатындығын айтпасақ та анық.

  Екінші мәселе – тіл құндылығы. Қазақ тілі – Қазақстан тарихының тірегі.  Тарихымызға көз жүгірсек сан ғасырлық азап пен қиыншылқты бастан кешірген қазақ елі тек қана жиырмасыншы ғасырдың аяғында өз егемендігіне қол жеткізді. Ұлтымыз әдет ғұрыптар мен дәстүрлерге өте бай. Соғымбасы, сыбаға, қонақасы, сарқыт, ауызашар сынды ғұрыптар асқа байланысты пайда болған. Ал енді ойлай беріңіз, жалпы дәстүрлердің саны қаншама, әйтсе де олардың жойылғандары да бар екені бәрімізге мәлім. Сонымен қатар қазақ тілінде туысқандыққа байланысты ұғымдар өте көп. Мысал ретінде әйел адамды: әпке, жеңге, абысын, қарындас, ене, кіндік шеше, құдағи, қайыңбике, келін деп атаса, ер адамды: баба, аға, қайны, құда, құда бала, бажа, жезде деп атайды.

   Жалпы бұл ұғымдар адамның үш жұртына байланысты қолданылған. Өз тарихын білмейтін, болашағын ойламайтын адам — құны жоқ адам. Ұрпақтан ұрпаққа мұрағат болып қалған ана тіліміз, осы тілде жазылған сан түрлі туындылардың рухы өшпесе екен деймін. Қазіргі таңда қазақ тілі бұрмалану үстінде. Жастар сөздерді қысқартып немесе орыс тіліне бейімдеу нәтижесінде қазақ тіліне ғана тән әріптерді қолданбауда. Осындай істердің кесірінен көптеген сөдер мағынасын жоюда. Бұл қазақ тілінің құлдырауының алғашқы қадамдарының басы.

   Сол үшін де журналистика саласының бетке ұстар маманы атанып, тіліміздің құдіреттілігін сақтағым келеді. Жастар арасындағы актуалды және қызықты тақырыптарды қазақ тілінде үгіттесем екен деймін. Сонымен қатар шекаралас елдерді біздің тілге баурау – басты қағидатым. Одан әрі қазақ тілінде қалам қозғалған эпопея, поэма, проза мен жыр — дастандар жаңа демге ие болады.

   Осы тақырыптан алыс емес тағы айта кетерлік жағдай – мәдениетіміз. Ашығырақ айтқанда ұлттық киім үлгісі мен ән, би саласының артта қалмауы. Қазіргі таңда қазақстандық жастар бұл салада үлкен үлес қосуда және бұл үдерістерінің тоқтап қалмайтынына кәміл сенемін. Жас ұрпаққа ырғақсыз және көңілсіз көрінетін жиырмасыншы ғасырдың әндерін заманауи әндерге сай өзгнртіп, жаңа леп беруде. Соның арқасында жастар арасында халық әндерінің мағынасы қайта ашылғандай болуда. Шебердің қолы алтан дейді атам қазақ. Сөзге де, іске де шебер халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұрыннан көкейімде жүрген мақсаттарымның бірі – этно стильде киім үлгілерін шығару. Күнделікті күнге киюге ыңғайлы заманауи киімдерге ою-өрнек қосып, халық арасына шығарсам деймін. Киімдердің жасалуында жақұт, інжу, маржан сынды асыл тастарды пайдалана отырып қолданысқа бергім келеді. «Киімдерден бөлек тұмарша, шолпы, танакөз сынды наурыз айында ғана тағылатын асыл бұйымдардың замануи, ерекше түрін неге шығармасқа?» деп кейде ой қозғаймын. Әйтсе де бұл идеямды асықпай жүзеге асырамын деген ниеттемін.

                                                                               Алина ДЮСЕНҒАЛИ,

Алматы облысы, Талғар ауданы,

Еркін ауылы, №26 ЖББОМ.

«Farabi shakirti» журналының жас тілшісі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *