«Жасанды интеллект фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды»

Қасым-Жомарт Тоқаев,

Қазақстан Республикасының Президенті:

       «Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды. Жаңа дәуірдің басталғанына куә болып отырмыз. Кезінде электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллекті технологиясының ықпалы да дәл сондай орасан зор.  Ол адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандырады және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алады. Кейбір сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің жаһандық экономикаға қосатын елеулі үлесі – дүниежүзілік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігіне парапар. Аталған технологияның кең қолданысқа ие болуы Қазақстанның қарқынды дамуында маңызды рөл атқара алады».

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған көрмеде

Мемлекет басшысы дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған роботты техника, Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech тақырыптық көрме аймақтарын, сондай-ақ Kaspi.kz, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Astana Hub, Freedom Bank, MyCar және тағы да басқа ұйымдардың көрме стендтерін аралап көрді. Роботты техника аймағында Мемлекет басшысы  көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған роботты техникадан Қазақстан құрамасының мүшелерімен әңгімелесті және Ustem Foundation, Alem School, MakerSpace жобаларымен танысты.

Жасанды интеллект біртіндеп барлық салаларда қолданыла бастағанын көрсетеді. Салаларды цифрландыруды нығайтып, оның мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді екенін айқындауда. Жасанды интеллект Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтағанын Бұқаралық ақпараттар құралдары жазуда. Өзіміз білетіндей, ұялы байланыс операторлары, ірі компаниялардың бірыңғай Call орталықтары, Республикалық деңгейді ауруханалар мен оқу орындарының байланыс ақпараттарында телефон қоңырауына жауапты жасанды инлеллект қыздар жауап беретін. Жақында, Түркістан телеарнасында «жасанды интеллект» бағдарлама жүргізе бастады. Күншуақ Табиғатқызы  әзірге ауа райын жүргізіп келеді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жасанды интеллект негізінде кеңес беріп, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін «AiGov» чат-боты жобасы да Мемлекет басшысына таныстырылды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды. Мұнай мен газ саласында, логистика, ауыл шаруашылығы мен білім саласында IT индустриясының кәсіби мамандарын дайындауға көп көңіл бөлінуде.

Оның мүмкіншіліктерін қазірдің өзінде күнделікті өмірімізге пайдаланып келеміз. Айталық, ұялы телефондағы карталар, автобустың жол жүру бағытын, қайда келе жатқанын білесіз. Алматы көшелерінде іздеген ғимаратыңызды адаспай табу үшін 2гис картасын қоссаңыз келе жатқан жолыңыз туралы барлық нұсқаулықты айтып отырады. Тіпті, жолыңыздың ашықтығын, кептелісіне дейін айтып отырады. Жасанды интеллект әрбір саланың және әрбір адамның болашағына әсер ететін негізгі күш болып табылатынын әр саладағы нақты дәлеледер арқылы айта аламыз.

                                                                   

 

КУСАИНОВА Айдана Мұхитқызы,

«Туран» Университетінің 3- курс студенті.

                                                                                                                       Алматы

                                                 Дереккөзі: Akorda.kz;  Wikipedia; Qazaqtimes.com