Журналистика және сөз бостандығы: шекарасы қандай?

Сөз-журналистің басты қаруы. Осы салада еңбек сіңіріп, барын салатындар әрқашан қоғамдағы сөз бостандығымен арпалысып жүреді. Әсіресе ХХІ ғасырда бұл тақырып ауқымды мәселелердің біріне айналып бара жатыр. Әрине, журналист өз міндетін атқару  мақсатында қоғамның көлеңкесінде қалып, естілмей жүрген үнді бостандыққа шығаруы тиіс. Алайда осы кереғар күштердің шекарасы қайда тоқталмақ?

Журналист-бейтарап маман. Мың жұлдыздың ішінде айдай жарқырап, ерекшелеп тұратын қасиет белгілі бір оқиға немесе құбылысқа бейтарап тұспен қарауды үйретеді. Себебі медиа және ақпарат мамандары әлемдік жаңалықтардағы деңгейде тәжірибе алмасып, оны халыққа жеткізеді. Ал халық берген затты сіңіріп, өзара пікір қалыптастырып отырады. Мысалы, Дина Төлепбергеннің Tiktok желісіндегі әлемге танымал болып жатқан, бүлдіршіндер жиі тыңдайтын өзге тілдік мульт-кейіпкерлер жайлы көзқарасы. «Бр-бр патапим, тун-тун сахур» деген «сүйкімді» кейіпкерлердің мағынасын ашып, шын мәнінде дінге қарсы екенін мәлімдеді. Алайда бұл мәселені жақтаған да, даттаған да жоқ. Халыққа салса, жан-жақты пікір қалыптастырады. Осы тұстан-ақ журналист ұстанымы қалай әсер беретінін түсіне аламыз.

Ендігі маңызды мәселе – жекебасқа қол сұқпау. Ақпарат иелерінің жүрген жерлерінің өзі қызықты оқиғаларға толы болады. Көшеде Қайрат Нұртастың бұрынғы жарын көру, Зирузаның шашын бояуы, Тұрсынбек Қабатовтың отбасылық мәселелері т.б. Басты мақсат-камераға түсіріп, бұл мән-жәйді қоғамға жеткізу. Осы мәселеге тереңірек үңілсек, медиа мамандарының бірең-сараңы шектен тыс кетіп жатады. Расында, олар жеткізуі тиіс. Алайда оны оң немесе сол мінезде халық көзінің қабылдауы журналистің өзіне байланысты. Жеті рет өлшеп, бір рет кесу маңызды. Алдын-ала ақпарат жинап, оның шын немесе өтірігін анықтап алғаннан кейін жариялау ғана шынайы өз ісінің шебері дегене атаққа ие. Алдыңғы аргументіме сүйене, бейтараптық бұл жерде ерекше рөл атқарады.

Журналистің бір сәтсіз дауысы-заңмен қарастырылатын ауыр жүк. Мысалы, әлеуметтік желіде кеңінен тараған танымсыз журналистің ұлы ғұлама, әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі – Мұхтар Әуезовты камера алдында жағымсыз кейіпкер ретінде қарастыруы. Нәтижесінде тарихи тұлғаның ескерткішінің алдында тізесін бүгіп, кешірім жариялады. Бұл оқиға әлеуметтік желіні жарды. Алайда жақсы сабақ болды.

Сараптай келе, журналистика мен сөз бостандығының ұштасқан жерлері бір. Сөзбен жемеген журналист — журналист емес. Бірақ ақпарат атты мұхитта жүзіп жүріп, «этика, бейтараптық» кемесінде отырғаныңды ұмытпау керек. Ал ақпаратты жеткізу барысында оның шынайылығын тексеріп, өзгенің абыройына қол сұкпау одан да маңызды.

Айдана КОПЖАН,

«№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының»

10 «Б» сынып оқушысы.

Жетекшісі:Көздіғарина Рита,

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы.

Сурет: https://dknews.kz/storage/news/