GR және PR директоры болып 17 жыл қызмет атқарған Аслан Абжақов – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Үкімет және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры. Ол AlmaU-дың Медиа және кино мектебінің студенттеріне үкіметпен байланыс туралы лекция өткізген болатын. Balbal.kz еңпайдалы ақпаратты оқырманының назарына ұсынады.

   Аслан Абжақов «Geo Customs», «PetroKazakhstan», «British American Tobacco», «Kcell» сияқтыкомпанияларда қызмет атқарған.

  GR деген не?

    GR аббревиатурасы – Government Relations яғни ағылшын тілінен аударғанда «Үкіметпен байланыс» деген мағынаны білдіреді.

     Демек джиар – бұл жеке компаниялар мен үкімет арасындағы қарым-қатынас».

           GR мен PR арасындағы айырмашылық неде?

  «GR маманы PR-шы бола алады, бірақ PR-шы GR бола алмайды», — дейді Аслан Абжақов.

    GR-дың негізгі міндеті – мемлекеттік ұйымдар алдында компанияның ұзақ мерзімді оң имиджін қалыптастыру және заң аясында пайдалы келісімдерге қол жеткізу».

     Джиар мен пиардың арасындағы айырмашылық мынада:

Мемлекеттік органдармен тікелей байланысжасайды;
Саяси салада компанияның мүддесін қорғайды;
Компания мен мемлекет арасындағы дәнекерқызметін атқарады.

                             «Kcell»-дің кейсі

  Ел басшылығы Астананың сол жағалауындағы үкіметтік ғимараттардың жанында ұялы байланыс сапасын арттыруға тапсырма береді. Ал заң бойынша ұялы байланыс операторына мемлекеттік нысандарға 20 метрге дейінгі қашықтықта базалық станцияларды орнатуға рұқсат етілмейді.

Бұл мәселенің шешімі жылжымалы базалық станция орнату еді. Оны орнатуға рұқсат беретін барлық құжатты жылдам алып, процесті жедел ұйымдастыру – міндетім. Нәтижесінде заң талаптарын сақтай отырып ұялы байланыс сапасын арттыру тапсырмасы орындалды», — деп еске алады Аслан Абжақов.

                     GR-ды қайдан оқуға болады?

  Маман қосымша курстарға, тренингтерге қатысуға кеңес берді. Сонымен қатар GR туралы біршама кітап барын жеткізді. Ал ең бастысы тезірек тәжірибе жинау екенін тілге тиек етті. Қолда әлі диплом болмаса да компанияға жұмысқа тұрып алуға болатынын жеткізді. Компаниялардың көбі бірнеше айлық тәжірибеге потенциалды студенттерді алуға дайын. Жалпы, қай компанияға джиар маманы керек екенін бақылап отыру үшін Linkedin-ға тіркеліп алған дұрыс. Спикердің өзі де алғашқы жұмысын сол платформа көмегімен тапқанын айтып берді. Айтпақшы, шет тілді білуіңіз тезірек жұмыс тауып кетуіңізге көмектеседі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуіңіз міндет. Бұларға қосымша тағы бір не бірнеше тіл меңгеріп алсаңыз, жақсы жерге орналасып кету мүмкіндігі артады, — деді Аслан Абжақов.

GRсаласы@marketingmaven.com

marketingmaven.com

                                                                                           Диана ЖҰМАБЕК,

                                                                                                          balbal.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *