Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасу бастамасы болып табылады. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің калыптасуы бастауыш сыныптарда жүзеге асады. Оқушының рухани күш-куаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

«NURORDA»  мектебі-тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің  мекені. Олай дейтінім, мектебімізде баланың жан — жақты дамуына барлық жағдайлар қарастырған. Ең бастысы шәкірттің  бойына бір құндылық үйретсек, бір жақсы әдетке дағдыландырсақ, білімнің қайнар көзінен санасына жол ашсақ, болашағына жарық боларбір білімге қызықтырсақ  деген мақсат қойылған.

Қазіргі белсенді ұрпаққа дұрыс бағыт беру үшін оқу мен тәрбиені құндылықтарға негіздеудің нағыз қажетті уақыты. Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай  тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, салауатты өмір негіздерін меңгеруге бағыттайды.

Мектебіміз оқу жылының әр айын бір құндылықка жоспарлады.  Оқушы ай соңына дейін құндылықпен толық танысады және пәндердің жекелеген тақырыптарына сәйкес құндылықтармен сабақтастырады.

Құндылықтарға негізделген тәрбие сағаттарында оқушыларға ойтүрткі болатын сұрақтар  және әрбір құндылық айы аяқталғанда оқушылардың жалпы түсінік қалыптастырғандығын анықтауға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Мұндай жауапты және жан-жақты жұмысқа мектебіміздің ата-аналары да жұмыла  атсалысады.

 

  СМАКОВА  Толқын Камидуллақызы,

 «NURORDA» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.

Нұр-Сұлтан қаласы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *