«Қазақ мәнерлеп сырғанауының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын»

 «Бұл медаль мен үшін де, еліміз үшін де аса маңызды. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Сол үшін бар күшімді саламын. Жағдай жасалып, жастарға мүмкіндік берілсе екен деймін. Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Қазақ мәнерлеп сырғанауының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын.Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан барлық спортшыға сәттілік тілеймін. Оларға жанкүйер боламын. Қолымнан келгенше жарыстарға барып, қолдау көрсетуге тырысамын».

Михаил Шайдаров,

2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада чемпионы.

El.kz сайтынан алынды.

 Италияның Милан қаласында биыл ақпан айында өткен олимпиада да, қазақстандық Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы атанды. Бұл қазақ елі үшін тарихи сәт болып есептеледі. Себебі, Михаил Шайдоров қазақ еліне 32 жылдан кейін алтын медаль әкеліп тұр. Михаил Шайдоровты қолдап, Италияда оқитын студенттер, жұмыс істейтін қазақ жастары барды. Әлеуметтік желіде Михаил Шайдоровты қолдап жатқан қазақ халқы өте көп. Олар бейнероликтердің астына Михаил Шайдоровқа ізгі тіліктерін жазып, құттықтап жатыр. Тіпті әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің бір бейнеролигі шықты. Бұл бейнероликте Димаш Құдайберген өз жерлесі Михаил Шайдоровты құттықтап, оған темір тұлпар мінгізді. Бұл бейнероликті көріп менің есіме   «Болар елдің баласы бірін бірі батыр», — дейді деген нақыл сөзді ежелден ата-бабаларымыз әлем таныған Димаштай жаны жайсаң, қолы ашық мәрт жігіттерге арнағандай. Ең қызығы олимпиададан кейінгі бір сұхбатында Михаил Шайдоров бұл жеңісіне әлі сенбейтінін және қиынға соққан элементтері олимпиада да оңай және әдемі шыққанын жеткізді. Ең бастысы Михаил Шайдоров осы қыстық олимпиадаға 5 жыл бойы дайындалғанын жеткізді. Бұл дегеніміз еңбек еткен адам жеңіске міндетті түрде жетеді. Болашақта қазақ спортында мәнерлеп сырғанау шеберлері көп болсын деп тілеймін.

Жеңіске жету тек спорт саласына байланысты емес, алдына мақсат қойып нәтиже белестеріне биіктеуді мақсат еткен әрбір жанға, соның ішінде мектепте білім алып келе жатқан оқушыларға да қатысты. Олай болса, жеңіс әр адамның өз қолында. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

СӘТБАЙ  Мәншүк,

Ақтөбе қаласы,

«Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының  11 — сынып оқушысы