2026 жыл, 16 мамыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлық әр қазақстандықтың кітап оқу арқылы дүниетанымын кеңейтіп, сауатты сөйлеуге ұмтылу үшін жасалған маңызды құжат деп білеміз. Құжатта көрсетілгендей, елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, таңдаулы шығармаларды көбейтіп, білімді, зиялы ұрпақ қалыптастыруға жасалған нақты қадам. Жарлықтың мақсаты: Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау.
Жарлықта аталған негізгі міндеттер:
*Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру;
*Оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру;
*Туындылары жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындарды қолдау;
*Баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру;
*Ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау;
*2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру;
* Кітап оқу мәдениетін және кітап ісін насихаттаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын (бұдан әрі – «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы) бекітілуі тиіс екені аталып көрсетілді.
https://akorda.kz/
