Кітап — болашақ кілті

14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күні. Осы мақсатта, 2026  жылдың 10 ақпаны күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты  О. Кошевой  атындағы жалпы білім беретін білім мекемесі және Тастұмсық ауылдық кітапханасы, Түлкібас аудандық  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен  бірлесіп, «Кітап — болашақ кілті» атты  зияткерлік ойын  ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға қонақ ретінде Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның мамандары, Түлкібас аудандық Қоғамдық келісім маманы, М.Лермонтов атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің кітапханашылары, Тастұмсық ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Баймуратова Назира, О.Кошевой атындағы шағын жалпы білім беретін білім мекемесінің директоры Исламкулов Берік,    тәрбие ісі меңгерушісі Талгар Алиев,  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Расилов Бағлан, О. Кошевой атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жиналған оқырмандарға 100 сауалдан тұратын «Оқырман зердесінде»  зияткерлік сауалдар ұсынылды.

Іс-шараның соңында  қадірлі қонақтар өз ізгі тілектерін  айтып, мектеп және ауылдық  кітапхана қорына    кітаптар  сыйлады.  Түлкібас аудандық жастар  ресурстық орталығының әдіскері Мелдебек Мақсат «Кітап сыйлау мәдениеті және  жастар үлесі» тақырыбында баяндамасын таныстырып, жастардың бір-біріне кітап сыйлау дәстүрін  үлесін қалыптастыру қажеттілігін  жеткізді. Кітапханашылар  «Кітап сыйла, ойлы оқырман» атты кітап сыйлау мерекесінің шығу тарихына байланысты кітап көрмесін оқырман назарына ұсынды.

Бүгінгідей, жастар мен балаларды айтпағанда үлкендердің бар уақытын жейтін телефонға телмірген шақта, бар ғылымның бастауы кітап екенін оқушыларға ұғындырып жүрген кітапханашыларға алғыс айтылды.

ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

Түлкібас аудандық орталықтандырылға кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты