Телефонға тәуелділік – бүгін кімді болса да ойландыруы қажет?

Сурет:https://iapn.kz/
Смартфон — заманауи адамның ажырамас серігі. Біз онымен жұмыс істейміз, байланысамыз, көңіл көтереміз және тіпті демаламыз. Алайда күнделікті қолымыздан түспейтін бұл құрылғы бір сәтте психологиялық тәуелділік көзіне айналуы мүмкін. Телефонсыз тамақ іше алмайтын, ұйықтай алмайтын, хабарлама болмаған күннің өзінде смартфонын қайта-қайта ашатын сәттеріңіз болды ма? Бұл жай ғана әдет пе, әлде қауіптің белгісі ме? Бұл туралы El.kz интернет (https://el.kz/) порталы жазды.
Тақырып ретінде берілген сұраққа жауап ретінде: Иә, телефонға тәуелділік қазіргі мәселе дегім келеді. Ұялы телефонды алғаш рет америкалық компания – Motorola жасап шығарды. 1973 жылы инженер Martin Cooper әлемдегі алғашқы мобильді қоңырауды жасады. Мақсаты: Адамдардың бір-бірімен сымсыз байланысуын қамтамасыз ету;
Қай жерде жүрсе де сөйлесу мүмкіндігін беру. Бұрын телефон тек үйде (стационар) болатын, ал ұялы телефон оны қалтаға сыйатын деңгейге жеткізді.
Ұялы желі (мобильная сеть) бір ғана елдің емес, бірнеше елдің ғалымдары мен компанияларының еңбегі нәтижесінде дамыды. Бірақ алғашқы кең таралған жүйелер: АҚШ-та (AT&T компаниясы); Еуропада (әсіресе Nordic Mobile Telephone — 1981 жылы) деп аталды.
Мақсаты: Ұялы телефондардың бір-бірімен байланысуын қамтамасыз ету
Көп адам бір уақытта сөйлесе алатындай жүйе құру
Қалалар арасында және елдер арасында байланыс орнату
Телефонға тәуелділіктің деңгейі жеңіл, орташа және жоғары (номофобия) болып бөлінеді. Негізгі белгілеріне телефонсыз мазасыздану, ұйқының бұзылуы, әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізу және физикалық белсенділіктің төмендеуі жатады. Бұл психологиялық жайсыздыққа, депрессияға және стресске бейімділікті арттырады. El.kz
Телефонға тәуелділік деңгейлері:
Төмен/Жеңіл деңгей: Телефонды қажеттілікке қарай қолданады, бірақ жоғалтып алса немесе зарядтауды ұмытып кетсе, ешқандай қобалжу болмайды.
Орташа деңгей: Телефонды жиі тексереді, әлеуметтік желілерде ұзақ отырады, бірақ қажет болса, гаджетті өшіре алады. Номофобия белгілері (үрей, қорқыныш) әлсіз байқалуы мүмкін.
Жоғары деңгей (Номофобия): Телефонсыз өмірді елестете алмайды. Телефон жанында болмаса, паникаға түседі, үнемі хабарлама күтеді, ұйқыға дейін және оянғанда бірден телефонды қарайды.
Тәуелділіктің негізгі белгілері мен зияны:
Психологиялық: Телефон қолжетімсіз болса, үрей мен мазасыздықтың (номофобия) пайда болуы.
Физикалық: Ұйқының бұзылуы, көздің шаршауы, арқаның ауыруы.
Әлеуметтік: Нақты адамдармен тікелей қарым-қатынастан телефонды артық көру.
Егер сізде тәуелділік белгілері байқалса, экран алдындағы уақытты шектеу (digital detox) және телефонды ұйықтар алдында қолданбау сияқты әдістерді қолданған жөн.
Тоғжан ТӨЛЕГЕН,
Алматы облысы, Іле ауданы,
«№24 МКМ лицейінің» 11 – сынып оқушысы.
Жетекшісі: Аяулым Сағынғали, «Алатау ТВ»
телеарнасының тілші-редакторы





