Алты жасар ақын қыз…

Әр баланың дарыны мен қабілеті бала кезден қалыптасады.Ал ол дарынды бала бойына даруына жанындағы жақындары көмектеседі.
2014 жыл, далада аппақ қыс, қолында қалам, қағаз, ана тілі кітабы. «Отан» атты өлеңді оқып отырған бүлдіршін. Оқи отырып, перефраз арқылы өзінің ақындық қабілетін сынамақшы болады. Балақайдың әлі тәжірбиесі жоқ, қатесін қайта-қайта жөндеп, ақындық қаламы мың ұшталады. Сол кезде 90 беттік қалың дәптер арнап оның сыртына «Өмірге деген құштарым» -деп жазып атын қойып, өзінің өлеңдерін бірінен кейін бірін маржандай етіп тізген болатын. Алғаш бұл қабілетін, апасы байқайды. Апасы күнде кешке немересіне түрлі-түрлі ертегілер оқып береді, содан соң түсінігін сұрайды. Ал немересі түсінігін детальді түрде барлығын айтып береді. Түсінігімен қиялының мықтылығын көрген апасы, күнде немересіне ертегі, өлең оқып әрі жататады.
Арада 11 жыл өтті, немересі кітап жазды. «Өзім туралы»- атты еңбегі мектеп қабырғасында жарық көрді. Сол-ақ екен, келе 16 жасында кітап авторы атанып, «журналист боламын»- деп, мамандығын таңдады. Бір өлеңді перефраз жасаудан бастап, оны кітап жазатын деңгейге жеткізді.
Солай перефраз арқылы өлең жазып, өзіндік сөздік қорымды жаймен дамыта бастадым. Сол кезде бәлкім, сол бір «Отан» өлеңін оқымағанда ақындыққа деген құштарлығым болмас па еді?
Кей сәттер жоспар бойынша болмайды, тіпті ақынның шабыты туындамаған жерден тасып шығып 10-15 минутта ұзақ жыр жазып тастай алады. Осы кезде мынандай сұрақ туындайды: «Ақынға шабыт қалай келеді? Ақындыққа женһтелейтін не нарсе, әлде кім?» Ол сұраққа жауап мынадай: шабыты керек кезде пайда болады, бірақ бірден емес, ақын бойында ашу көп болып кетсе немесе мұң көбейіп кетсе, ақын сол арқылы өзіндік іштегі көңіл күйін жеткізеді. Белгілі бір эмоцияның көптігі, ақындағы сөздік қормен жазылып, ішіндегі сырын жеткізеді.
Талантың болса егерде биікке талпын, бойыңа дарыт. Бәлкім сен болашақ Журналист немесе филолог маманысың, кім білер? «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бір қалан!» — дейді Абай атамыз.
КЕЛЬДЫБАЕВА Алуа Тулегенқызы,
Алматы облысы,Қарасай ауданы
«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»
11 «Г» снып оқушысы.
Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,
кафедра меңгеруушісі





