Мамандықты қалай дұрыс таңдаймыз?

(Сурет ЖИ арқылы жасалынды).
Хосе Хулиан Марти атты жазушының айтуынша: Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.
Осы сөзді ашық айта кетсек, біздің өміріміз, яки болашағымыз — үй іспеттес. Ал сол үй дұрыс қаланып, зәулім, әдемі болуы үшін, үйіміздің әр қойған кірпішін дұрыс қалауымыз қажет. Сол секілді біздің болашақ мамандығымыз — біздің үйіміз. Ал оның зәулім, көрікті үйге айналуы, кірпіштердің дұрыс қалануында жатыр.
Әр адам өз болашақ мамандығын кішкентай кезінен бастап ойластыра бастайды. Біреуі әнші, дәрігер, полицей қызметкері және т.б. сияқты мамандық иесі болғандарын қалайды. Алайда өсе келе ол мамандық адамның қызығушылығына байланысты өзгеруі мүмкін. Ал бұл қалыпты үрдіс. Бірақ, мамандықтың дұрыс, әрі нақты таңдалуы өте маңызды.
Мамандықты дұрыс, әрі саналы түрде таңдау үшін, ең алдымен адам мамандықты өз бетінше, яғни біреудің емес, өз таңдауы бойынша таңдауы қажет. Екіншіден, адам өз қызығушылықтарын бағалай отырып, өз таңдауында сенімді болуы керек. Себебі, адамның қолынан келмейтін іс жоқ. Үшіншіден,адам мамандық таңдау барысында сол мамандық бойынша нақты мақстаның болуы өте маңызды фактор. Неліктен? Не мақсатпен? — деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс.
Осы үш фактор негізінде адам дұрыс мамандық таңдай алады. Ал сіз өзіңіздің болашақ мамандығыңызды нақты таңдадыңыз
ба?
ҚҰРМАШ Жайна,
Алматы қаласы,
Медеу ауданының 172 мектеп — гимназиясының
11 сынып оқушысы





