Білім табыс кілті ме?

Сурет: ЖИ, жолдаған автор.
Бұрынғы заманнан бері келе жатқан ең құнды қазына-білім. Білім- адамның оқуы, тәжірибесі және ізденіс арқылы жинақтаған ақпараттары мен түсініктерінің жиынтығы. Ертедегі заманнан бері білім адам өмірінің жолын ашады деп жазылған. Бұл сөйлемге дәлел Жүсіп Баласағұнның сөзі: «Білім ал,ол өмірдің жолын ашар, кісіден білім берген бәле қашар». Бұл дегеніміз біз қай уақытта өмір сүрсек те, білім әрқашанда сіздің жолыңызды ашатын кілт болып саналады. Бірақ білімнің түбіне ешкім жеткен емес. Жүсіп Баласағұн айтпақшы: «Білім- теңіз, түбі де, шегі де жоқ». Ерте заманда білімді, ақылды болған ақындарымыз, ғалымдарымыз осы құнды қазынаны тек өздерінің жан тыныштықтары үшін қолданған еді. Ал қазіргі заманда ақылды, білімді адамдар өз білімдері үшін ақша алады десек те қате болмайды.Олар өздері үйренген затты немесе өздері оқыған бір саланы басқа адамға үйретіп, өздерінің адал ақшаларын алады. Айта кететін жайт,бұл бір адамның дәрежесін түсіріп, бір адамды мақтау емес. Үйреткен адам және үйренген адам екеуі де бір дәрежеде мықты деп айтқым келеді.
Бұл жазғаным ойдан алынған жай зат емес, бұл сөздер ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтың нақыл сөзіне пікір деп айтқым келеді. Мұхтар Әуезовтың сөзі: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім». Осылайша айтқым келеді, қазіргі заманда қаншалықты сен өзің оқып, білім алып, жан-жақты дамып,тоқтамай еңбек етсең, бұл сенің жеңісің. Жаңадан үйренген затты сіз өзіңіздің жақсы көретін ісіңіз ретінде танып, жұмыс жасай аласыз.Бұл дегеніміз білімді адам қазіргі заманда табысты адам деуге келеді. Сіз өз біліміңіз арқылы көптеген белестерді бағындыра аласыз.
Білім әрқашанда жолыңызды ашатын құрал және табыс кілті. Осылайша айтқым келеді, білім-тек рухани байлық емес,
сонымен қатар табысқа жетудің маңызды кілті.
СӘТБАЙ Мәншүк,
Ақтөбе қаласы,
«Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының 11 — сынып оқушысы.
Шығармашылық жетекшісі: Әйгерім Есімхан,
«Алатау» телеарнасының тілшісі











