«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Уақытты босқа өткізбе…

Менің анамның жасы 61- де, ал әкем 62 де. Күндердің күні мен өзімнің анам мен әкеме сұрақ қойдым. «Осы сіздер өмірлеріңізде өкінетін жайт орын алды ма?» -деп. Үнсіздік. Анам мен әкем ұзақ ойланып, күрсініп тұрды да ұзақ күттірген жауапты берді:

—Қызым, біз өкінбейміз, біз қынжыламыз. Қазір жасымыз 60 — тан асты. Денсаулық нашар, күшіміз жоқ.  Егер де қазір сол жастық шаққа оралғанда, оқу мен ата-анаммен уақыт өткізу үшін мен барымды берер едім. Қазір сенің жас жаңарын мен бойындағы күш қуатыңа қарап біз тамсанамыз. Қызым, сендерде мүмкіндік көп. Жассыңдар ғой. Ойнаңдар, күліңдер, қыдырыңдар, бірақ көп көңілді білім мен пайдалы дүниені өзгеге үйретуге жұмсаңдар. Уақыт, ойын, күлкі өтеді де кетеді, ал сенің білімін сені түбі бір шұңқырдан сүйреп алып шығады. Оқы, дамы, ізден. Қолда бардың қадірін біл. Көз жанарын өшпей, ниетін сөнбей тұрғанда баста. Сен білімді емес, басыңда бар білімін сені арқалайды, — деді әкем.

Осы сөздерді естігенде ойланып қалдым. Расында, дамып, өсу өз қолымызда. Кейін істемей өкінгенше, қазір істеп өкінген абзал, сондықтан тек жақсыны асырып, жамандықты жасырайық деген түйінге келдім.

СЕРИКБАЕВА  Аяулым,

Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы

«Зият» мектебінің 11 сынып оқушысы.

Шығармашылық  және курс жетекшісі: Гүлім Мырзахмет,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

«Биші болу-басты арманы»

farabi shakirti shakirti

Жасөспірімдер қалай табыс таба алады?

Стали известны имена победителей II Республиканской олимпиады по общественно-гуманитарному направлению для учащихся сельских школ