«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Аналық айыппұл?

Сурет:https://share.google/

Бәріміз білетініміздей ана бала үшін ұйқысымен де, денсаулығымын де, жұмысымен де, бас бостандығымен де құрбан етеді. Алайда аналар ана атанғаны үшін өмірбақи айыппұл төлейтінін білемісіз?

Ғылымда осы жағдайға орай «otherhood Penalty» — (Аналық айыппұл) термині бар. Терминді Гарвард университетінде қолданатыны айтылған деректерде. Не үшін бұл термин қолданады? Бұл қоғамда әйелдердің ана атанған кейінгі жұмыста тап болатын дискриниминациясы, қиындықтары.

Бұл мәселе бойынша 2007 жылы әлеуметтанушылар Stephen Benard пен Shelley Correll, In Paik зерттеулер жүргізіп, «American Journal of Sociology» журналында зерттеу жұмыстарын жариялаған. 

Зерттеулер нәтижесінде, аналар баласыз әйелдерге салыстырғанда 12 пайызға артық жұмысына мұқиятсыз қарайтыны белгілі болған, оларды бала күтпейтін әйелдер қарағанда  жұмысқа араласуы 6 есе төмен, баласыз еркектермен салыстырғанда 3 есе төмен екендігін көрсеткен. Тіпті мансап баспалдағында да баласы жоқ әйелдердің басшы қызметке көтеріуі 8 есе жоғары, жұмысқа қабылдауда 2 есе көбірек шақырту алады екен. Жалақы көлемімен де дәл осындай әділетсіз жағдай. Аналардың бастапқы жұмыс ақысының өзі баласыз әйелдермен салыстырғанда 8 пайызға дерлік, балалы еркектерден пайызға дерлік төмен төленеді екен. Ал дүниеге келген әр бала ана жалақысын 4 пайызға азайтады. Еркек пен әйелдің жалақы айырмашылықтары көбінесе  қабілеттері, резюмелері, білімдері мен тәжірибелері бірдей болса да сол бала дүниеге келген кезде пайда болады.

Бір қызығы, балалы еркектер бұндай мәселеге ұшырамаған. Оларды тіпті баласы жоқ еркектерден қарағанда жауапкершілігі мен сенімділігі молырақ деп санайды.

Яғни, қоғамның пікірі бойынша бала күту – әйелдің қызметі, сондықтан олар жұмысқа көңіл бөле алмайды. Ал балалы еркектер жауапкершілікті сезіне алатындықтан, олардың жұмысқа да қабілеттіліктері жоғарырақ… Бірақ, бала – ата-ананың жауапкершілігі, оны қарау екеуінің де міндеті. Тек әйелдің емес. Қаншалықты дамыған заманда өмір сүрсекте әйелдермен осындай әділетісіздіктер әлі күнге дейін жалғасуда.

Енді сұрақ: біз шынымен дамыған цивилизацияда өмір сүреміз бе? Егер олай болса, неге әйел құқықтары әлі күнге дейін шектелуде? 

Қорытындылай келе, дәл осындай айыппұл тәріздес дискринимация әйелдердің әлі күнге дейін артынан қалмауда, олардың алға даму мүмкіндіктерін шектеуде. Бұл жұмыс орындарындағы, жалпы қоғамдағы аналарды, әйелдерді шеттетудің айқын белгілері. Алайда бұл мәселе көбімізді тіпті мазаламайтын секілді.

НҮСУПҚАН  Тоғжан Рауанқызы,

Алматы облысы, Талғар ауданы,

«№14 мектептің» 11 – сынып оқушысы

Мақалаға қажетті мәліметтер:

https://gap.hks.harvard.edu/getting-job-there-motherhood-penalty

Сәйкес жаңалықтар

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

farabi shakirti shakirti

TikTok пен Instagram: жас ұрпақтың жаңа шындығы

Адам «жұтатын» арал: Құпияға толы Барсакелмес туралы