«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Менің бөлмемдегі редакция…

Мен кез келген ұсақ-түйекке дейін ерекше мән беріп, айналамдағы заттардың бәрін барынша әдемілеп, құбылтып жүруді ұнатамын. Бұл әдетім, әсіресе, өз бөлмемді безендіруде қатты байқалады. Жеке кеңістігімді жай ғана қалдырмай, оны үнемі әртүрлі шығармашылық ізденістермен және қызықты дүниелермен толтырып отырамын. Соның ең басты көрінісі — қабырғамдағы осы суреттер мен мақалалар жиынтығы.

Болашақта журналистика саласын таңдап отырмын, сондықтан бұл бұрышты арнайы мақсатпен, өз кәсіби талғамыма сай етіп жасадым. Қабырғадағы әрбір материал мен үшін өте маңызды, олар қоғамның тынысын және шынайы ақпарат ағынын көрсетеді. Осы орын арқылы болашақ мамандығымның алғашқы қадамдарын қазірден бастап сезініп жүргендеймін.

Күнделікті осы жинақталған дүниелерге қараған сайын бойыма ерекше күш-қуат жинап, шығармашылық шабыт аламын. Бұл қабырға бөлмемнің сәнін келтіріп қана қоймай, мені алға жетелейтін, мамандығыма деген құштарлығымды оятатын нағыз шағын жұмыс орталығына айналды. Бұл кеңістікті өз бөлмемдегі шағын редакциям деп айтсам да болады.

ДОСЫМ  Ұлдана,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

 Көкарық ауылы, «Жамбыл атындағы орта

мектептің» 11-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Молдабекова Дана Жандарқызы,

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

Сәйкес жаңалықтар

Ауыл баласы Лондонда ғарыш компаниясын басқарады

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК?

farabi shakirti shakirti

Білім белесін бағындырды