«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Like дәуірінің адамдары

Бүгінде адамдар өмірді сезінуден бұрын, оны камераға түсіруге асығады. Таңғы ас, серуен, жаңа киім, тіпті көңіл күйдің өзі әлеуметтік желіге жарияланатын болды. XXI ғасырда «лайк» жай ғана батырма емес — ол бағалау құралына айналды. Қазіргі қоғамда көп адам өзін шынайы өмірмен емес, әлеуметтік желідегі белсенділігімен өлшейді.

Статистикаға сүйенсек, жасөспірімдердің басым бөлігі күніне бірнеше сағат уақытын әлеуметтік желіде өткізеді. Психологтардың айтуынша, әлеуметтік желідегі мақұлдау адам миында қуаныш сезімін тудырады. Сол себепті адамдар барған сайын көбірек лайк жинауға тырысады. Бұл — қазіргі қоғамның жаңа тәуелділігі.

Біріншіден, лайк қуалау адамды шынайылықтан алыстатады. Әлеуметтік желіде бәрі мінсіз көрінгісі келеді: әдемі фото, бақытты өмір, қымбат заттар. Алайда экран сыртындағы өмір мүлде басқа болуы мүмкін. Көп адам өз проблемасын жасырып, «идеал адам» бейнесін жасауға тырысады. Соның салдарынан жастар өз өмірін өзгелермен салыстырып, өзіне деген сенімін жоғалтады.

Екіншіден, лайкқа тәуелділік адамның психологиясына әсер етеді. Кейбір адамдар жариялаған суретіне аз лайк түссе, көңілі түсіп, өзін қажетсіз сезінеді. Бұл әсіресе жасөспірімдер арасында жиі байқалады. Себебі олардың көпшілігі қоғамның бағасын әлеуметтік желі арқылы қабылдайды. Виртуалды мақұлдау шынайы қолдаудан маңызды болып бара жатқандай.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі адамдар арасындағы қарым-қатынасты да өзгертті. Бұрын адамдар әсерін кітаптан, әңгімеден, өнерден алса, қазір қысқа видео мен трендке тәуелді. Адамдар ұзақ ойланудан гөрі, тез әсер алуға үйреніп барады. Бұл ойлау мәдениетіне де әсер етпей қоймайды.

Дегенмен әлеуметтік желіні толықтай зиян деуге болмайды. Ол ақпарат таратуға, шығармашылықты дамытуға, қоғамдағы мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді. Бірақ адам виртуалды әлемнің емес, шынайы өмірдің құндылығын ұмытпауы керек.

Қорытындылай келе, лайк дәуірі адамзатқа жаңа мүмкіндікпен бірге жаңа тәуелділік те әкелді. Ең қауіптісі — адамның өз бағасын қоғамның виртуалды реакциясымен өлшеуі. Шынайы бақыт экрандағы жүрекшелер санымен емес, адамның ішкі тыныштығымен өлшенуі тиіс.

МАЕРБЕК  Дина  Мейірханқызы,

Жамбыл облысы,  Тараз қаласындағы

«Д.М Карбышев атындағы 16 орта мектебінің»

11 сынып білім алушысы

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Ойланбасаң, өміріңді ойрандайды

farabi shakirti shakirti

Бақыт – адамдар үшін әртүрлі ұғым

farabi shakirti shakirti

Олжас Бектенов Президенттің туризм саласындағы тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді