Үлгі алам, Мұқағали өлеңінен
Үлгі алам, Мұқағали өлеңінен,
Үш бақытын жырға да қоса білген.
Мөлдір тұнық махаббатта бар ішінде,
Аққулар киелі деп есептеген.
Тірі кезде сый көрмеді өкінішті,
Тек өлеңі жанының жұбанышы.
Бұл өмірден өтсе – дағы сый көрмей,
Халық оның тәңірі, сүйеніші.
Арада өтсе – дағы қанша уақыт,
Ұмытылмас жырлары бізге сарқыт.
Мұқағали секілді өрт ұлғаның,
Қазақ үшін болғаны үлкен бақыт!
Поэзия оның, сырласы да, мұңдасы да,
Қайғы, қуаныш бірге болған жолдасы да
Мына өмірге, мәңгі ғашық, құштар болған
Кім жетер Мұқағали тұлғасына?!
Аягөз СЕМБЕК,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі