Ақ ниет пен игі тілек

Наурыз – көктем,  шаттық күй!

Жыл он екі айдың әр күні Жаратқанның пендесі үшін мереке. Елдің амандығы, жұрт ішінің тыныштығы мен отбасының бүтіндігі, әр шаңырақтағы  балалардың шат күлкісі, дастарханның молшылығы теңдесі жоқ мереке десек, қателеспейміз.

Жылдың  әр көктемі — Наурыз айы ерекше мерекелерге толы. Аналарымызға құшақ-құшақ гүл сыйлайтын  8-наурыз мейрамы әр бала үшін маңызды. Жүзі нұрға, жүрегі мейірім мен баласына деген махаббатқа, жылылық пен ақ тілекке толы ақ жаулығы желбіреген Ананың батасы ұрпағына мәңгі мұра.

«Ана!» — деп ән салып, «Ана!» — деп қолындағы барын сыйлай білген перзенттің тілегі таусылған ба?!  Ұл — қызының амандығы, немерелердің «Әжелеп» өбек қағуы, келіннің иіліп салған сәлемі, Анаң үшін мақтаныш!Тәрбиесінің иманға толы болғанына шүкіршілік пен кеуде толы ризашылық. Анаңның қасыңда жүруі, жадырап күлгені, аман жүргені, бәрі–бәрі сен үшін Бақыт!

Әлемнің аналары мен қыздарына, еліміздің барлық анасына, әжесі мен қыздарға мықты денсаулық тілейміз! Батаменен көгеріп, алға қойған арман-мақсаттарымыз орындалсын!

Аналар мерекесінен кейін халқымыздың тойлайтыны 22-Наурыз жаңа жылдың басталуы. Көктемдей әр үйдің шаңырағы шаттыққа, Күн шуағының нұрына бөленсін! Аспан көгі ашық, жеріміз құт – берекеге толсын! Халықтар арасындағы ынтымақ жарасымын тауып, сыйластығымыз арта берсін!

     Наурыз мерекелері құтты болсын!

 

                                                                                          «Farabi  shakirti»

                                                            журналының шығармашылық ұжымы.

«Наурыз – шашу, Наурыз той!»

    Алматы облысы, Жамбыл ауданы, ақын атындағы мектептің мұғалімдері ауылда Наурыз тойды бастап кетті.