Орындалсын арман тілек, ойларың!

Ұлымыз Эльдар мен келініміз Айсанаға:

Жас шаңырақ ортамызда бүр жарып,

             Құтты болсын отау тіккен күндерің,- деп құттықтап, ата-аналық ақ тілегімізді арнаймыз!

Тәуелсіз еліміздің болашағын мәуелі баққа айналдырып, туған жерін гүлдендіретін ұрпақ санатын көбейтетін отбасы құрылды деп қуанып, тойда ақ батасын беріп, тілегін арнаған ағайынға ризашылық білдіреміз.

Ежелден ата-бабаларымыз ұлын үйлендіріп, қызын құтты ұясына қондырғанда, бір баламыз екеу болды деп жүрегі жарылардай болып қуанады. Бүгін біз де сондай қуанышқа кенеліп тұрмыз. Жаратқан жас отау тіккен балалардың жұлдыздай жарқыраған сәттерін ұзағынан сүйіндірсін деп тілейміз.

Өсіп-өнген ортаны одан бетер толтырып, мерейлі отбасы болуға ұмтылыңдар. Ата-аналарың мен туған-туыстың, бауырдың жанашыры, қолдаушысы болыңдар. Олар да бізді қолдайтын тірегіміз бар деп сендерді арқа тұтсын. Өмірдің жолы тоқсан тарау, сол жолда адаспай қол ұстасып, қиындықтарды бірге жеңіп, арманға бірге қол созыңдар. Ұлым – отбасының қорғаны, келінім – шаңырақтың ұйытқысы, жүрегінен мейірім нұры төгілетін от анасы болсын. Ұлтымыздың мерейін тасытып, дәстүрімізге лайық ұрпақ тәрбиелейтін, отбасында ғана емес, әділетті Қазақстанның адал шәкірттерін тәрбиелейтін білікті ұстаз санатынан болыңдар.

Ата-аналарың, біздер сендердің алға басқан әр қадамдарыңа сәттілік тілеп, ақ батамызды арнаймыз. Отау құрған сәттен бастап, сәттілік әр істеріңе серік, босағаларың берік болсын! Үйлерің балалардың шат күлкісіне толсын! Көтерген шаңырақтарың БАҚЫТ мекеніне айналсын! Шынайы бақыт пен сыйластыққа бірге жетіп, әрдайым абырой биігінен көрініп, мерейлерің үстем болсын! Арман-мақсаттарыңның орындалуы жолына бүгінгі айтылған ақ тілектер гүл болып егіліп, шуақ болып төгілсін!

                     Ата-аналарың: Бағдат пен Алма, бауырларың мен туыстарың.

                        «Еңбек орта мектебі — Өрнек бастауыш мектебінің» ұжымы