Мәлік ҒАБДУЛЛИН,

  жазушысы.

«Мұғалім өзінің білімділігімен,жүріс – тұрысымен,

жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні,

киген киімімен деоқушысына жақсы

мағынада қатты әсер етеді».

     Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады демекші білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы, оқушылар сүйеніші, біліктілігі мен іскерлігін орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесін аянбай қосып келе жатқан, Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебін басқарып отырған Людмила Ешенханқызы жайлы айтқым келіп отыр.

     Ұстаз, білікті басшының азаматтығы мен әйел – анаға тән кең жүрегі, ер адамға бергісіз өр мінезі, ақылдылығы мен парасаттылығы, білімділігі мен іскерлігібір өзінің бойына тізбектеліп жарасып келеді. Расында да, оқушы мұғалімге қарап бой түзейді, тәрбие алады.

Людмила Ешенханқызы — ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапшылдықты сүйетінін үнемі сеземін, сезінемін, басты ерекшеліктерін іштей сезініп, мақтан тұтамын. «Жақсының тамыры тереңде, оны ешкім шаба алмас, көлеңкесі көктен, нұрын шашар еліне» – деп текке айтылмаса керек. Иә, мұнда қанша мән – мағына бар десеңші… Ел – жұрт алғысы адамды көкке көтереді, қанаттандырады. Алға жетелейді. Мектеп директоры шәкірттерінің сүйікті ұстазы көптің алғысына бөленген жан.

Бұл – менің пікірім емес, бүкіл ұжымның, оқушылардың, ата – аналардың, халықтың пікірі. Людмила Ешенханқызының даналығы мен даралығы, тәрбиесі мен өнегесі сөзінде көмкерілген. Дана халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» –демей ме… Мен көмек сұрап барғанымда еш уақыт қолымды қайтармады, ылғи ақылын айтып, қолдап, демек жүреді.

Түйгенін ой елегінен өткізіп, таразының екі басына салып саралайды, қорытындылайды.Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт – дәстүрмен берілген – ұлттық тәрбие тағылымын дәріптейді. Қашанда өзінің ашық – жарқын мінезді адами болмысымен, өзін де, өзгені де сыйлата білетін қарапайым қалпымен көпке үлгі болып жүр. Мектептің абыройын асырып, бала тәрбиесіне, білім беру ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі еңбектеніп жүрген, жаңашыл көшбасшы, жер бетіндегі жақсы адам Людмила Ешенханқызына мығым денсаулық, қажымас күш – қайрат, әр бастамаларына шығармашылық табыспен дүниенің дүрмек қызығын тілеймін!

АХНИЯЗҰЛЫ Ринат,

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің
11 – cынып оқушысы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *